Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың үздiк ұстаздарына 2 млн теңгеден берiлдi

Бүгiн «Қазақстан» концерт залында 2016 жылдың үздiк ұстаздары марапатталды. Ұстаздар күнiне орай өткiзiлген республикалық байқауға елiмiздiң өңiрлерiнен 5620 өтiнiш келiп түссе, солардың 125-i iрiктеу кезеңiне сүрiнбей өткен.

2c8eea6548637d0695ba8c6cead6df67

Ал байқаудың финалына үздiк 48 педагог шықты. Оларды бүгiн Сенат депутаты Дариға Назарбаева марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Елімізде жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге мамыр айында соңғы қоңырау соғылады. Бұл күні түлектердің де, олардың ата-аналарының да көздері жасқа толады. Бұл – Сіздердің еңбектеріңізге, бала тәрбиелеудегі ерліктеріңізге, күн сайын алғыс күтпей-ақ үлкен іс тындыратын жұмыстарыңыз үшін алғысқа толы көз жасы. Сіздер біздің қоғамдағы ең қажетті мамандық иесі боласыздар, қадірлі Ұстаздар!», – деген Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсiби мерекелерiмен құттықтап, тiлегiн айтты.

Назарбаеваның қолынан сыйлық алған үздiк ұстаздың бiрi – Астана қаласы N 70 мектеп-лицейiнiң Биология пәнiнiң мұғалiмi Сарқайша Сағатбекова.

«Семей мемлекеттiк педагогикалық институтын бiтiргеннен бастап 16 жыл бойы ұстаздық жолда келемiн. Бұл жолды таңдағаныма ешқашан өкiнбеймiн. Өйткенi мен қаншама жетiстiктерге жетiп, мiне нәтижесiн көрiп отырмын. Бүгiнгi күн ерекше қуанышты күн. Тек қана мен үшiн ғана емес, бүкiл қазақстандық мұғалiмдер, педагогтар үшiн ерекше күн. Мен олардың барлығына шығармашылық табыс тiлегiм келедi», – дедi ұстаз.

Жеңiмпаздың айтуынша, үздiк педагогтарға төсбелгi мен «үздiк ұстаз» мүсiнi сыйға тартылып, жүлде ретiнде 2 млн 121 мың теңгеден берiлдi.

Жіберіп алмаңыз:

Талқылау