Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015 жылы құнсызданған валюталар тізімінде Қазақстан теңгесі бірінші тұр

Қазақстандық теңге құнсызданған валюталар рейтингінде бірінші тұр, белорус рублі және украин гривнасы Еуропа мен ТМД-ның 2015 жылдың қорытындысы бойынша құнсызданған валюталардың рейтингінде екінші және үшінші орынды алған.

photo_13302

Мұндай мәлімет Украинадағы Forex Club ақпараттық-сараптамалық орталығының жыл сайынғы зерттеуінде келтіріледі.

Сарапшылардың есептеуі бойынша 2015 жылы, теңге 85,2 пайызға дейін девальвацияға ұшырады, белорус рублі 54,3 пайызға және украин гривнасы 48,7 пайызға құнсызданған.

1450498770_1
Forex Club сарапшылары Қазақстан экономикасына қытай юані мен Brent маркалы мұнайының 2015 жылдың басынан бері 33 пайызға арзандағаны әсер етті дегенді айтады. Сарапшылар,сол себепті Қазақстан Ұлттық банкі тамызда еркін ауытқу бағамына өтуге мәжбүр болған.

Тізімде 2015 жылы ТМД елдері валюталарының нығаймағанын көруге болады. Ал еуропалық валюталардың ішінде девальвацияға норвег кронасы ұшыраған – 15,8 пайыз. Бұл жағдайға әлем нарығындағы мұнай мен газдың арзандауы себеп болған .
Еске салайық, теңге бағамы соңғы бірнеше күнде тарихи антирекордтарды жаңартып жатыр. 18 желтоқсан күнгі кешкі жағдай бойынша, бір доллар Алматы мен Астанадағы айырбастау орындарында 350 теңгеден сатылды.

Талқылау