Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың жаңа жылдық сыйлық алуға жұмсалатын шығыны 13%-ға азайған

СК “Kompetenz” орталығының зерттеуі бойынша биылғы жылы қазақстандықтар жаңа жылдық сыйлықтар алу шығыны 13%-ға азайған. Сыйлық алуға орта есеппен 15 240 теңге жұмсалады екен.

74ddf47d34424e02583382114dea7842

Зерттеу сауалнама түрінде жүргізіліп, оған 18 бен 65 жас аралығындағы Алматы және Астана қаласының тұрғындары қатысты. Қатысушылардан жаңа жылдық сыйлықтар алу үшін жалпы қанша қаражат жұмсайтыны және нендей сыйлықтар алатыны сұралды.

Олардың көпшілігі, атап айтсақ 18%-ы балалар ойыншығын алатынын айтқан. Ал, 15% кондитерлік өнімдер, 12% парфюмериялық, косметикалық заттар, 10% тұрмыстық техникалар мен гаджеттер, 5% құттықтау сертификаттарын, 2% қымбат бағалы әшекей бұйымдар сыйлайтынын айтқан.

Сауалнамаға қатысқандардың 29 %-ы ешқандай сыйлық жасауды жоспарламаған болса, 7%-ы жақындары өз қолынан шыққан дүниеерді сыйға тартпақ екен.

 

Талқылау