Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015 жылы Қазақстанда 2 миллионға жуық адам несие алған

Тек 2015 жылдың өзінде екінші деңгейлі банктер мен микрокредиттік ұйымдар қарашаға 3 триллион теңге көлемінде кредит таратқан

rhtlbn

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Алайда «кредит алған азаматтардың барлығы бірдей берешегін банктерге уақытылы қайтармауы мүмкін», – дейді бірінші кредиттік бюро мамандары. Бүгіннің өзінде қарыз алған адамдардың 18 пайызы дефолт жағдайында тұр. Ал, әрбір бесіншісінің кредит төлеу қабілеттілігі күдік тудырады.

Тек 2015 жылдың өзінде екінші деңгейлі банктер мен микрокредиттік ұйымдар қарашаға 3 триллион теңге көлемінде кредит таратқан. Олардың жартысынан астамы кепілзатсыз алынған тұтынушылық несиелер. Яки ұл-қыздарын оқуға түсiрерде, келiн аларда, қыз ұзатарда, үй жаңартқанда алынатын қарыз.

Экономист  Меруерт Махмұтованың пікірінше,  ел азаматтарының ең біріншіден той өткізуден бас тартқандары жөн. «Себебі байқап отырсам, бастарында шаңырақтары жоқ, тұратын жерлері болмай тұрса да, жастар балаларының тойларын бір жасқа толды деп, екі жасқа толды деп ресторандарда өткізіп жатады. Тойларды ресторанда өткізуді қысқарту керек», –  дейді маман.

Бұдан бөлек 11 айдың ішінде алынған несиелердің 16 пайызы ипотекалық болса, 14 пайызы кепілдендірілген тұтынушылық несиелер екен. Ал әрбір оныншы адам жаңа көлік алуына байланысты, банкке берешек болып қалады екен.

Мамандар елімізде өткен бірнеше толқынды девальвациядан кейін қаржы институттары несиелеу саясатын өзгертіп, шарт-талаптарын күшейтті -деп отыр.

Жалпы еліміз қайтарымсыз несиелер санынан әлем бойынша бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күні халықтың банктерге төлемей отырған берешегі 4,5 триллион теңгеден асып жығылған.

Талқылау