Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015 жылы Астана мен Бурабай ақылы автобанынан 1,1 млрд теңге түскен

2015 жылы «Астана-Щучинск» ақылы автожолы 1 млрд 142 млн. теңге жинады. «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылға белгіленген жоспарда 1 млрд 129 млн. теңге жинау қарастырылған болатын.

Бурабай Астана

Жоспарды асыра орындаудың арқасында 13 млн теңге жиналды. Барлық жиналған қаражат аталған жолды күтіп ұстауға және төлем жүйесін жетілдіруге бағытталды.

«Аталған ақылы учаскемен 2015 жылы 2,5 млн көлік жүріп өткен. Өткен жылдың барысында тәулігіне орташа есеппен алғанда 3,1 млн теңге төлем жасалса, бір күнде шамамен 7 мың көлік жүреді екен, ал демалыс күндері көлік саны 10-12 мыңға дейін жеткен. 2014 жылмен салыстырғанда, көлік ағымының қарқыны орташа алғанда 4,9 пайызға өсіп, оның есебінен төлем 7,2 пайызға артты»,-делінген компания мәліметінде.

Сонымен қатар жолда көлік ағымын жылдамдату үшін және қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолдарын дамыту тұрғысында абоненттік төлем, «QIWI» терминалдары  мен «Касса 24» және басқа да жүйелер қамтылды.


Талқылау