Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015 жылғы отандық үздік фильм анықталды

Қазақстанның киносыншылары 2015 жылғы отандық үздік фильмді анықтады.

868217fef6f180363552bf4ee26536a1_XL

Бұл туралы Tengrinews.kz ақпараттық порталы хабарлады.

“Үздік фильм” аталымы бойынша продюсер Асқар Ұзабаев пен режиссер Жасұлан Пошановтың “Шлагбаум” картинасы жеңімпаз атанды. Ал екінші категориядағы “Үздік фильм комедия, экшн, боевик” аталымында продюсер Баян Ерімбет пен режиссер Асқар Бисембиннің “Үшеуге арналған үйлену тойы” үздік деп танылды. “Жол” картинасын түсірген Асқар Ұзабаев үздік режиссер болды.

image

“Үздік қысқа метражды фильм” аталымын “Өліара” жеңіп алды. “Үздік актриса” атағы “Үшеуге арналған үйлену тойы” картинасындағы ролі үшін Аружан Жазылбековаға бұйырса, “Үздік актер” аталымын “Шлагбаум” фильміндегі ролі үшін Еркебұлан Дайыров жеңіп алды.

“Екінші пландағы үздік актер” Димаш Ахимов (“Жол”) болды, осы аталым бойынша әйелдер арасынан Роза Хайруллина (“Жат”) жеңімпаз атанды.

0002

Үздік оператор Азамат Дулатов (“Жол”), үздік сценарий жазушылар Ерлан Нұрмұхамбетов және Ержан Рүстембеков (“Жаңғақ ағашы”) болды.

Естеріңізге сала кетсек осы уақытқа дейін 2015 жылы түсірілген қазақстандық ең үздік телехикаялар топтамасын жариялаған болатынбыз.

Талқылау