2015 жылғы қазақ спортындағы елеулі оқиғалар

Сенбі, 2 Қаңтар , 2016 12:39

2015 жыл Қазақ спорты үшін табысты, жаңалықтарға толы жыл болды. Солардың бірқатарын естеріңізге түсіріп өткіміз келеді.

гена2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жылдың айтулы оқиғасы Геннадий Головкинның жұдырықтасуы болды. Гена жанкүйерлерін осы жылы 3 рет қуантты. Мартин Мюррей, Вилли Монромен алаңға шыққан жерлесіміз, спортшылардың барлығын техникалық накаудпен жеңді. Соңғы ойын 18 қазан күні өткен болатын. Ел намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында канадалық Давид Лемьемен кездесіп, 8-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

гена3

Қазақстанның «МИР 24» арнасы халық таңдауы бойынша GGG-ді жылдың үздік спортшысы деп таныды.

Геннадимен терезесі тең тұрған спортшыларымыздың бірі Илья Ильин. Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының төрт дүркін чемпионы, зіл темірді көтеруден рекорд жаңартудың хас шебері Илья осы жылы халқын жеңісімен емес (Ресейде өткен РФ Президенті Кубогының жеңімпазы, сондай-ақ дәл осы ойында әлем рекордын жаңартты), жеңістен кейінгі ірілігімен қауантты.

илья

Президент Кубогын жеңген соң Ильяны мараппаттау сәтінде көршілес мемлекет біздің ескі әнұранды қойып, спортшы бұған қарсылық танытқан болатын. Ол өзінің елінің әнұранын тыңдағысы келетінін айтып, әнұранымызды қайта орындатты. Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін нағыз батырлықпен теңестірді. Айта кетейік, біздің «Bunderking» әлемдік маңызы бар ойындардың ешқайсысында жеңіліп көрмеген.

илья2

2757349 12.12.2015 Илья Ильин (Казахстан) во время соревнований по тяжелой атлетике среди мужчин в весовой категории до 105 кг на Кубке Президента РФ 2015 в Грозном. Саид Царнаев/РИА Новости

Жыл басының елеулі оқиғаларының бірі Сабина Алтынбекова болды. Қазақстандық волейболшы қыз өзінің спорттағы табыстарымен емес, сұлулығының арқасында дүниежүзіне танылды.

сабина4

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жыл Азия жастар арасындағы чемпионатта Қытай елінің жанкүйерлері мен журналистері оның сұлулығына тәнті болған болатын. Екі-үш күннің ішінде оның Инстаграм әлеуметтің желісінде оқырмандарының саны күрт артып, бойжеткен елге жұлдыз болып оралды. Дегенмен қазіргі таңда Сабина  Жапонияның «GSS Sunbeams» клубында өнер көрсетуде.

Осы жылы Қазақстан Дзюдодан Әлем чемпионатын өткізді. Командамыз үшін табысты болмаса да, бір спортшымыз көк тудың желбіреуіне себеп болды. 60 кг салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов Рүстем Ыбраевты кызыл кілемде жеңіп, әлем чемпионы атанды.

елдос метов

елдос сметов2

Қазақ елін қуантқан спортшыларымыздың бірі – біздің аяқ допшыларымыз. Отанымыздың футбол тарихында алғаш рет «Астана» құрамасы Чемпиондар лигасының топтық бәсекесінде өнер көрсетті. Сонымен қатар алғаш рет 30 мың көрермен жинай алды. Топтық дода барысында астаналықтар Түркияның «Галатасарай», Португалияның «Бенифика», Испанияның «Атлетико» сынды командаларымен кездесті. Десек те, топтық сайыстан аса алмаған жерлестеріміз, Қазақстанның чемпиондары атақтарын сақтап қалды.

астана

астана фк

Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Денис Тен. Бұл спортшыны қалай ұмытуға болады. Мәнерлеп сырғанауда қазақ жеріне алғаш рет табыс әкелген спортшы осы жылы да жанкүйерлерін жеңісімен қуантты. Сеулде өткен «Төрт құрлық чемпионатында» қос бағдарлама бойынша 289,46 ұпай жинап, алтын алды.

денис тен

денис тен2

2015 жылдың сәуір айында Бейбіт Назаров 72 кг салмақта өнер көрсететін спортшылар арасында UNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды. Ол бразилиялық Бруно Аморимамен кездескен болатын. Ал, қазан айында Бейбіт Назаров рингке Массимо Капуцеломен шықты. Жанкүйерлер төрт сағат бойы асыға күткен жекпе-жек бар болғаны 40 секундқа созылды. Берілген белгіден кейін бірден қарсыласына тұра ұмтылған Бейбіт итальяндықты соққының астына алды. Массимоның еш қарсылық көрсете алмай, құлағанын көрген төреші  қазақ баласының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін хабарлады.

бейбит3

бейбит54

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар