Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015 жыл шоу-бизнес өкілдері үшін қуанышты жаңалықтармен есте қалған

2015 жыл шоу-бизнес өкілдері үшін қуанышты жаңалықтармен есте қалған

06004380013353505772504201257_800x600
Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Биыл Музарттың барлық мүшелері жаңа жылды отбасымен қарсы алады. Бұл мереке күндері топ жылда ешқандай тапсырыс қабылдамайды екен. Ал, 2015 жылға өкпем жоқ дейді әнші. Себебі, Кенжебек биыл жеке шығармашылығына көп көңіл бөлгенін айтады.

Музарттың өзге мүшелерінің жеке өмірінде де биыл қуанышты сәттер болды. Мейрамбек Бесбаевтың екінші баласы дүниеге келіп, жұбайы Мархаббат екеуі ұлды болған еді.

Қуанышы қойнына сыймаған Мейрамбек бұл күнді үйінде, ақ дастархан басында, дос-жарандарымен дүркіретіп атап өткен болатын.

Биыл сәбилі болған шоу-бизнес жұлдыздарының тізімінде Тоқтар мен Бейбіт те бар. Олар егіз ұлды болып, қазақ халқын қуантқан еді. Және де Алмас Кішкенбаев, Нұржан Керменбаев, Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева, Мирас пен Құралай да қой жылы сәбилі болды. Сондай-ақ 2015 жылы қызды болған Сиви Махмудиге жары Бентли сыйлағаны ел есінде…

2015 жылы Роза Рымбаева мерейтойын атап өтті. Өмірінің 40 жылын сахнаға арнаған әнші бұл қуанышты күнді халық алдында концерт беріп өткізген еді.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова да биылғы жылдың табысты болғанын айтады. Елдің қуанышына әрдайым ортақ болып жүретін әншінің есімі Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясында қашалып жазылды.

Және де жыл соңында бірқатар әнші “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағын иеленді. Солардың бірі әнші, актриса Айгүл Иманбаева.

Айта кету керек, қой жылының соңында Айгүл Иманбаева өз мектебінің тұсауын кескен еді. Осындай бизнес бастаған әншінің өнер-білім орталығынан ән, би, актерлік шеберлікті ғана емес, оқушылар бірнеше тілді меңгеріп, қосымша сабақтарға қатыса алады. Айгүлдің алдында әнші Роза Әлқожа  өз бизнесін қолға алған еді. Әлқожа бренд деп аталатын орамалдары сатылатын өз дүкенінің есігін айқара ашқан болатын.

 

Талқылау