Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015 жыл ең жылы жыл болды

Өткен жыл Жердің солтүстік жартышары үшін ең жылы болды

izmenenie-temperaturi

Бұл туралы Утро.ру Ресейдің Гидрометорталығына сілтеме жасап хабарлады.

“Климатты жедел бақылаудың ақпаратын қарағанда, өткен 2015 жыл Ресейдің Гидрометорталығының метеорологтары болжағандай, Жердің солтүстік жартышары үшін ең жылы жыл болды”, – делінген хабарламада.

Тұрақты метеорологиялық бақылау тарихында, яғни 1891 жылдан солтүстік жартышардағы орташа айлық  температура бес рет көтерілді (2007 қаңтарында, 1998 және 2002 жылдың ақпанында, 2008 жылдың наурызында және 2010 жылдың қарашасында), ал 2015 жылы мұндай құбылыс 10 айда болды.

“Осылайша 2015 жылдың орташа жылдық  температурасы тарихта алғаш рет нормадан (қалыпты деңгейден)  1 градус жоғары болды. Планетадағы ең жылы деп саналған 2014 жылмен салыстырғанда солтүстік жартышардың орташа жылдық температурасының өсімі 0,2 градус болды. Мұның алдындағы жылмен салыстырғандағы орташа жылдық температураның осылай өзгеруі тарихта алғаш рет орын алды”, – деп атап өтті синоптиктер.

Талқылау