Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2014-2015 жылдары қазақстандықтар Ресейден 3 миллиард долларға көлік сатып алға

Қазақстандықтар Ресейден 3 миллиард долларға автомобиль сатып алған – деп хабарлайды “ҚазАвтоӨнеркәсіп” ЗТБ төрағасы Дәулет Бақберген орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында, – деп хабарлайды Stan.kz.

машины

Ресейдің рубль бағамының төмендеуіне байланысты қазақстан азаматтары Ресейден көлік алуға асыққан. Барлығы көрші елге 150 миллиард рубль жұмсалған.

Енді 2016 жылдан бастап көлік алу үшін алдымен тіркеуге алынатын салық төленеді. Соған байланысты көлік сатып алу көрсеткіші азюы мүмкін.

“Көлікті тіркеу кезінде салық алынады. Салықтың мұндай түрі елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Өзге елдерде мұндай салық қорғаныс шарасы негізінде қалыптасқан. Мәселен, Малайзияда 30 пайыз төленеді, оның үстіне қосылатын 105 пайызы тағы бар. Салықты көлік сатушы емес, сатып алушы төлейтін болады. 2013-2014 жылдары шыққанына 3 жылдан асқан көліктердің оннан бірі ғана тіркелген. “, – деді Бақбергенов.

Талқылау