Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2006 жылғы банкнот үлгілерінің қолданыстағы мерзімі ұзартылатын болды

2015 жылғы 28 қарашада ҚР Ұлттық Банк Басқармасымен 2016 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңге банкноттардың біртіндеп айналыстан шығару мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылданды.

c43b486bbe12d5c1ef54d8a2711b6291

Көрсетілген мерзімге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында қандай да бір шектеусіз қолданылады.

Содан соң 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазаннан 2017 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін – көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.

Бұл мерзімнен кейін барлық қалған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңге банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға шейін барлық ҚР Ұлттық Банк филиалдарында айырбасталуға қабылданатын болады. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап банкноттар заңды емес болып табылады. Жоғарыда көрсетілген банкноттардың айырбасталуы тегін, комиссия алусыз не айырбастау үшін ақысыз жүзеге асырылатын болады.

Талқылау