Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2000 теңге пара берген қазақстандық камераға түсіп қалған. Оған шамамен жарты миллион теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде полицейге 2000 теңге берген азаматқа шамамен 500 мың теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері оның пара ұсынған сәтін видеоға түсіріп алған екен.

2000 теңге пара берген қазақстандық камераға түсіп қалған. Оған шамамен жарты миллион теңге айыппұл салынды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік жүргізушісі полиция қызметкерімен «келісу» үшін, 2000 теңге бермек болған. Пара ұсыну мүмкін болмағаннан кейін, кешірім сұрап, ақшаның қалтасынан түсіп қалғанын айтыпты. Алайда оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Ендігі ол 481 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.

«Дәл осы заңбұзушылық үшін 5 АЕК көлемінде, яғни  12 мың теңге айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар заң тұрғысында оған айыппұлды 7 күннің ішінде төлеу құқығы және 50 пайыздық жеңілдік беріледі. Осылайша, ол 6 мың теңге төлейтін еді. Алайда ол осындай әрекетке барып, 2000 теңге беріп, 3000 теңгесін үнемдеп қалмақ болды», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысы Расул Медетов.

Өз кезегінде автосарапшы Алексей Алексеев мұндай шараларға күмәнмен қарайды.

«Төлем жүргізу жүйесі – өте күрделі. Алдымен қалалық МАИ-ға барып, кезекте тұрып, айыппұлдың көлемін біліп, мұнан кейін кассаға барып, ол жерде тағы кезекте тұруға тура келеді. Бір-екі жылдан кейін техникалық байқауда айыппұлы әлі алынбағанын білуі де мүмкін», – дейді автосарапшы Алексей Алексеев.

Сонымен қатар жүргізушілер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында бірнеше жылда бір жүргізушіні еш нәтиже бермейтінін айтып отыр.

«Мен барлығын жазалауды қолдаймын. Түрлі, ұсақ, ең ұсақ деген заңбұзушылықтар үшін де жазалау керек. Себебі бәрі ұсақ дүниеден басталады», – дейді жүргізушілердің бірі.

«Адам өз қателігі үшін жауап беруі тиіс», – дейді тағы бір жүргізуші.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілердің сөзінше, пара бергендер ғана емес, алғандар да жазаға тартылатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау