200 доллар зейнетақыға өмір сүргім келмейді. Қазақстандықтар қартайғанда кедейліктен қалай қорғана алады?

Қазақстанда 2018 жылы ең аз деген зейнетақы 49 019 теңгені, ал орташа зейнетақы 71 333 теңгені құрайды. Бұл ақша зейнеттегі адамдарға аштан өліп қалмауға көмектеседі, ал саяхаттап, мейрамханаларға барып тамақтанып, көңіл көтеруге мүлдем жетпейді. Мен осылай қартайғым келмейді. Не істеу керек?

Осы сұраққа Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне  Enpi.kz атты зейнетақыға қатысты тақырыптық платформаның негізін қалаушы Бота Жұманова  жауап берді.

Болашақта адамдардың зейнетақысы да болмайтын шығар деген сынды әңгімелерді естіген боларсыз. Адамдардың осылай қобалжуы орынды. Себебі, қазақстандықтарды қазіргі зейнетақының көлемі мүлде қанағаттандырмайды. Осы жайында Бота Жұманова өз пікірімен бөлісті:

“Зейнетақыға үміттенудің  өзі жеткіліксіз. Болашақта қазір отыз бес жастағылар және жас азаматтар БЖЗҚ-дағы шоттарына жинаған зейнетақы жарналарының арқасында күн көретін болады. Алайда олар өз табыстарынан 10 пайыз аударып отырғанның өзінде, ол өмір сүру үшін жеткіліксіз. Бұл — азамат зейнетке шыққан соң, оның жағдайы күрт төмендеп кетуі мүмкін дегенді білдіреді. Қарапайым сөздермен айтқанда біз болашақта кедейлікке бетпе-бет төтеп беруге мәжбүрміз. Себебі, медициналық қызмет түрлері, азық-түлік және коммуналдық төлемдер қымбаттайды”, — дейді Бота Жұманова

“Шындығын айтқанда, БЖЗҚ акцияларының басым бөлігі теңгеге инвистицияланғанда біздің жинаған жарналарымыз қажеттіліктерімізге жетпеуі мүмкін. Теңгеге девальвация қаупі үнемі төніп тұрады. Зейнетке шыққан соң біз мүмкін 20-25 жыл өмір сүрерміз. Жұмысың, қосымша табысың жоқ болса да өмір сүруің керек.  — дейді ол.

Келешекте қиын жағдайға тап болып, бір ғана зейнетақымен отырмас үшін экономист қазақстандықтарға бүгінгі күннен бастап қосымша іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кеңес береді:

“Қазіргі уақытта 35 жастағы қазақстандықтар өз болашақтары үшін қатты уайымдай бастады. Неліктен? Шындыққа тура қарайық, 15 жылдан кейін сіз елуге толасыз делік. Жас та емессіз, денсаулығыңыз да сыр бере бастаған. Ең бастысы — еңбек нарығында сіздің қызметіңізге ешкім мұқтаж емес. Компаниялардың басым бөлігі зейнетке шығайын деп тұрған қызметкерлерден “құтылғысы” келетіні белгілі. Себебі, компания үшін зейнеттегі адамдардың орнына тез үйренетін, көп жұмыс істеуге дайын жастарды жұмысқа алу тиімдірек.

Дәл қазір 35 жастағы азаматтардың еншісінде зейнетте тек бір нан мен суға емес, еркін өмір сүру үшін ақша табуға 15 жыл бар”, — дейді тілші.

Әрбір қазақстандық жұмыс тәжірибесі бар-жоғына қарамастан 15 мың теңге көлемінде зейнетақы алатыны белгілі. Ботагөз Жұманова қартайғанға дейін ақшаны қайда инвестиция жасап, жақсы табыс табуға болатынын айтып берді:

“Қазіргі негізгі зейнетақының мөлшері болашақта емес, бүгінгі күні өмір сүруге жетпейді. Сондықтан келешекте қиналып қалмау үшін маңызды екі істі жүзеге асырған жөн. Біріншіден, зейнетақы қорына әр сайын төлем төлеп, жеке шотқа қосымша инвестициялар жасау керек. Ол сіз жұмыс істей аласыз ба, жоқ па сізге табыс алып келуі тиіс. Қазақстандықтардың арасында мүлікті жалға беру арқылы пайда табу ұғымы кең тараған. Олар осы кәсіптің арқасында ай сайын 150 мың теңгеге дейін табыс табады. Мен азаматтарға елуге келгенге дейін осы кәсіппен айналысып, кем дегенде 2-3 пәтерге иелік етуге кеңес берер едім”.

“Бұл тым құрығанда зейнетке шыққан соң, жақсы табыс табуға көмектеседі. Екіншіден, өзіңіздің біліміңіз бен қабілеттеріңізге көп көңіл бөліңіз. Еңбек нарығында қажетсіз болып қалғыңыз келмесе, жаңа мамандықтарды меңгеріңіз. Сатып алынған диплом емес, нағыз білім көп табыс тауып, жақсы жұмысқа орналасауыңызға көмектеседі. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыңыз. Бұл тілді білу — өте маңызды. Қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, ақшаға құрметпен қарай біліңіз. Қарызыңыздан құтылып, несие алмауды үйреніңіз. Жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз жөн. Себебі, ол мотивация мен тәртіпті қалыптастырады. Ал тәртіп өз табыстарыңды бақылаудағы басты қасиеттердің бірі.  Қор нарығын, кәсіпкерлікті игеру де маңызды. Ең жоғарғы табыс өз кәсібіңізде. Сондықтан нарыққа не ұсына алатыныңызды ойланыңыз. Клиент сізге ақша төлеу үшін қандай қызмет түрімен айналысқыңыз келетінін анықтаңыз”.

“Ең бастысы тек зейнетке шыққанда ғана емес, қазіргі күні жақсы өмір сүру үшін нақты мақсат қойыңыз. Сонда сіз ертеңгі күніңізге де сенімді боласыз. БЖЗҚ және қордағы жиналған жарналар өкінішке орай болашақтағы барлық мәселелерді шеше алмайды. Бірақ 50 жастан асқаннан кейін де жұмыс істейтін активтері бар азамат болсаңыз, бұл сіз үшін жақсы”, — дейді ол.

Шетелде зейнеткерлер өзге мемлекеттерге саяхаттап, шипажайларда демалады. Ал біздің қарияларымыздың барлығы дәл осылай уақыт өткізеді деп айта алмаймыз. Өйткені, олардың зейнетақысы тамағына жетсе, киіміне жетпей жатады. Бота Жұманованың айтуы бойынша, еліміздің азаматтары төмендегі кеңестерді тиімді пайдалана білсе, қартайған шағында қаржыдан қиналмайды:

“Қаржыда екі мәселе бар. Біріншісі — ақша жоқ кезде оны қалай табудың жолын ойлап бас қатыру. Екіншісі — қолда бар ақшаны қай жерге инвестициялауды білмеу. Осы екеуінің ішінде екінші мәселеге көңіл бөлгеніңіз жөн. Өйткені қартайғанда бірінші сұраққа жауап болмайды. Сондықтан қартайғанда қиналмас үшін жұмыс істейтін, әртүрлі активтерден тұратын жеке капиталды құру керек:

  • жылжымайтын мүлік — тұрақты табыс алып келеді
  • депозиттер
  • инвестициялық сақтандыру — сақтандыру валютада табыс тауып тұрған уақытқа дейін, сақтандыру нарығының құрылғыларына инвестиция жасау керек.
  • ішкі нарықтағы акциялардың кішігірім қоржыны
  • сыртқы нарықтағы акциялардың қоржыны. Мысалы, S&P индексі капиталыңыздың валютада өсуіне мүмкіндік береді.
  • жеке кәсіп
  • білім мен кәсібилікті арттыру үшін инвестиция жасау, — дейді тілші.

Бота Жұманованың сөзінше, қазір зейнетақы нарығының тұжырымдамасын дамыту жолдары талқыланып жатыр.  Нақтырақ айтқанда салымшылар енді БЖЗҚ-да жинаған ақшаларын өз еріктері бойынша жеке банктерге аудара алады. Банктер оларға өз инвестициялау стратегияларын көрсетеді. Сонымен қатар, салымшының қалауы бойынша оның ақшасына Ұлттық банктің де иелік етуге құқығы бар:

“Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлықтарға қатысты туған даулардың салдарынан адамдардың жинақтау жүйесіне деген сенімі де төмен. Осы сенімсіздіктің негізі бар”, — дейді Бота Жұманова.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар