Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жыл сақтаған тәттілерінің бұзылып кетпегенін айтқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

Ұлыбритания тұрғыны түрлі тәттілерді 20 жыл бойы сақтап қойған. Алайда олардың осынша уақыт ішінде бұзылып, шіріп кетпегенін көріп, жағасын ұстапты.

20 жыл сақтаған тәттілерінің бұзылып кетпегенін айтқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бұл менің «зиянды қорабым». Ондағы әр шоколад пен желе тілімдері кеше сатып алынған тәрізді көрінеді. Алайда олар менің 19 жастағы қызыммен жасты. Ендігі сіздің сүйікті тәттілеріңізге деген көзқарасыңыз өзгерді ме?» – дейді Мариса Пир.

Мариса Пирдің сөзінше, ол 20 жылдай уақыт бойы сақтаған тәттілері күні кеше ғана сатып алынғандай көрінеді.

20 жыл сақтаған тәттілерінің бұзылып кетпегенін айтқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

«30 жыл бойы психотерапевт әрі гипнозшы болып жұмыс істесем де, бұл тәттілердің зияндылығын осылайша көрсетіп, дәлелдеу енді ғана  мүмкін болды. Круассаннан бастап, маргаринге дейінгі тағамдар жаңа сатып алғандай көрінеді. Алайда олардың адамдарға зияны көп», – дейді Мариса.

Оларға жәндіктер де, бактериялар да жоламайды. Алайда мандаринді ыдысқа салып, бір ай қойып қойса, көгеріп, бөлмені шіріген иіс алып кетеді.

Десе де бұл тәттілерге жәндіктердің де, бактериялардың да жуымауының өз себебі бар. Себебі бұл өнімдердің құнарлылығы жоқ. Ал оларды жеген кезде, өз денсаулығымызға зиян келтіреміз.

20 жыл сақтаған тәттілерінің бұзылып кетпегенін айтқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

«Мен ұзақ жылдар бойы артық салмақтан зардап шегетін адамдармен жұмыс жасап, оларға қораптан анағұрлым дәмді көрінетін тағамды қолына алуға ұсындым. Алайда олар сол тағамды қолына алған бойда, тәбеті жоғалатын. Мен бұл қорапты 1997 жылы толтыра бастадым. Оның көп жерлерге өзіммен бірге алып жүріп, адамдарға мұндай тәттілерді жеген кезде абай болу керектігін үйреттім», – дейді Мариса.

Әйелдің сөзінше, ол «зиянды қорап» идеясы арқылы адамдардың сол тағамдарға деген көзқарасын өзгертіп, тамақтану әдетін түзеткісі келген.

20 жыл сақтаған тәттілерінің бұзылып кетпегенін айтқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

«Адамдардың көбі артық салмақтан арылу үшін қатаң емдәм ұстану керек деп ойлайды. Алайда бұл арықтаудың құпиясы емес. Арықтау үшін өзіңіз жеп жүрген тағамдарды өзгерту керек. Тағамдық мақсатта балғын өнімдерді қалауыңызша қолданыңыз. Сонда сымбатыңыздың да өзіңізге ұнай түсетініне кепіл беремін», – дейді Мариса.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау