Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жыл бұрын қайтыс болған қыздың сүйегін марқұммен некелестіру үшін ұрлап кеткен

Қытайда 20 жыл бұрын қайтыс болған 18 жастағы қыздың мәйітін қабірден ұрлап кетті. The Mirror басылымының хабарлауынша, марқұмның ата-анасы қыздарының сүйегін «елес неке» кесу үшін ұрлаған деген болжам жасауда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

20 жыл бұрын қайтыс болған қыздың сүйегін марқұммен некелестіру үшін ұрлап кеткен

Қытай дәстүріне сәйкес, қайтыс болған болған ер адамның жанына әйелі жерленуі керек. Егер, ол тірі кезінде екінші жартысын таппаса, онда оның мүрдесінің жанына кез-келген қайтыс болған қыздың денесі көміліп, өлгеннен кейін неке қию рәсімі жасалады. Ал мұндай жағдайда ер адам о дүниеде жалғыз болмайды деп есептелінеді екен.

Қыздың ата-анасының айтуынша, мүрде тонайтындай емес, ал жерлеу рәсімі өте қарапайым өткен және қайтыс болған қыздарының табытында ешқандай құнды заттар болмаған. Бірақ, кейіннен олар полицейлерге оқиғадан біраз уақыт бұрын белгісіз біреулердің келіп, қызының денесі үшін ақша ұсынғанын айтты.

Ал полиция қызметкерлері бұзылған мазардың жанынан марқұмның сүйегін ұрлағандарға тиесілі екі қолғап тауып алды.

Айта кетсек, Қытай билігі «өлгеннен кейінгі некеге» 1949 жылы тыйым салған болатын, ал 2006 жылдың тамызын өлі денелерді саудаға салуды заңсыз деп таныды. Сондай-ақ, мәйітті ұрлағандарға ең жоғары жаза ретінде үш жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Дегенмен, елдің ауылдық жерлерінде дәстүр әлі де жалғасуда. Мысалы, 2015 жылы Шаньси провинциясындағы бір ауылдың өзінде 14 әйелдің мәйіті ұрланған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау