Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жасар студент өзінен үлкен әйелдер 60 жастағы ғашығын одан қызғанады деп түсінеді (фото)

20 жасар Леа Сенибальди 60 жастағы қазіргі ғашығын  үш жыл бұрын әкесімен бірге жұмыс істеп жүрген кезде көрген. Бір жылдай уақыт олар әлеуметтік желі арқылы өзгелерден жасырынып сөйлесіп жүрген. Енді олар өздерінің бір-біріне деген сезімін басқаларға ашық көрсетіп, үйленуді жоспарлап жатқан көрінеді. Ғашықтар махаббат жасқа қарамайды дегенді жақсы түсінетіндерін де айтады.

ғашық7

Бұл туралы dailymail.co.uk жазды.

Леа Сенибальди Теннесси штатына қарасты Нэшвилл қаласында тұрады. Ол әкесінің досымен көңіл қосқанын білген ата- анасы, жұмсартып айтқанда, естерінен танып қала жаздады дейді. Ештеңеге қарамаған қос ғашық екі жыл бұрын бірге болуға серттесіп қойыпты. Олардың қарым-қатынасына ата-аналары, достары  үзілді-кесілді қарсы болған екен.

ғашық

«Біз өзімізге жақтырмай қарайтын сырт көзді әрине байқаймыз. Кейде әдейі олардың күмәніне сенімді қылу үшін құшақтасып сүйісе саламыз. Үш жыл бұрын алғаш кездескен кезімізде  мен неге екенін, ол кезде өзім де түсінбеймін  Ресске жүгіріп барып оны құшақтап алғанмын»,-дейді Леа.

ғашық6

«Менің Ресспен желі арқылы сөйлесіп жүргенімді көрген ата-анам бірден тыйым салды. Олар неге екені белгісіз Ресс мені алдап, пайдаланғысы келеді деп түсінді. Бір жыл уақыт өткеннен кейін мен онсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім»,-деп есіне алады  бойжеткен.

ғашық5

Бойжеткен ата-анасы тыйым салған кезде өзінен 40 жас үлкен адамға расымен де ғашық екенін түсінгенін айтады. Әрі үнемі соны ойлаумен уақыт өткізіпті.

ғашық4

«Менің ата-анам Рессті менің жігітім ретінде қабылдай алмай жүр. Бірақ мен олар алдағы уақытта бізге түсіністікпен қарайды деген ойдамын. Себебі менің әкем мен шешемнің жас айырмашылығы 27 жыл»,-дейді қыз.

ғашық3

60 жастағы Ресс – дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Ол Леаның анасынан 9 жас үлкен ал, әкесінен 18 жас кішкентай.

«Біз туған-туыстарымыздан айтарлықтай қарсылыққа тап болдық. Леаның ата-анасы оны барлық әдіске салып қорқытып болды»,-дейді Ресс.

ғашық1

Қыздың ата-анасы  оның кәрі ғашығымен қосылуына қарсы болған себептерін де ашық айтқан көрінеді. Олар қыздары жастайынан жалғыз қалып қояды ма деп алаңдайды екен.

«Махаббат әр адамда әр түрлі болады. Жастар да бірге жүріп ерте бастан бірін ажал алып кетуі мүмкін. Сондықтан ондай дүниелерді ойламастан, алдымыздағы бақытты сәтті түсінуіміз керек деп лйлаймын»,-дейді Леаның өзі.

ғашық2

«Жасы меннен үлкен әйелдердің көбісі Ресстің тартымдылығын байқап, оны меннен қызғанатын сияқты»,-дейді Леа.

 

 

Талқылау