Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жасар алматылық бизнесмен ағылшын миллиардерінің алдында өз жобасын қорғап шықты

Биыл ғана Ұлыбританиядағы Кингстон университетін тәмамдаған 20 жасар қазақстандық Асқар Бөлегенов Лондонда өз бизнесін ашқан.

14324c6c3237ca054ba69754a89b5f21

Сурет youtube.com

Жас жігіт өзінің жобасын атақты британиялық миллиардер Ричард Брэнсонның алдында, жас стартаперлер конкурсында қорғап шыққан. 10 мыңнан астам қатысушының арасынан Асқар 12-ші орынды иеленген. Бұл туралы Youtube порталындағы kuan7777 каналында хабарлады.

Жас кәсіпкердің сөзінше бұл “әлемдегі ең алғашқы гроссеримаркет саласындағы логистикалық сервис”.

0a7d841ead441ccfdff69d38c77665b8

“Біз қазіргі таңдағы гроссери-дүкендер үшін жаңа маркет-плейстер құрамыз. Гроссери – бұл азық-түлік өнімдері және хауз холд – әдеттегі тағамдар. Сатып алушы біздің сайтқа кіріп, оның ауданындағы барлық локал-шопты көре алады. Тапсырыс беріп, небәрі 30-35 минуттың ішінде қажетті азық-түлігіне қол жеткізеді”, – деп түсіндірді Асқар.

Бизнесменнің айтуынша Лондонда оның кәсібі өрге домалап кетуі үшін оған кем дегенде 100-200 велосипед керек екен.

“Біз қазақстандық кәсіпкерлерге бірнеше рет өтініш айттық. Аттарын атай алмаймын. Оларға өзіміздің идеямызды таныстырып едік, көбісі күліп, ешкімнің интернет арқылы азық-түлік сатып алмайтынын айтты”, – дейді ол.

Бір ай бұрын оларды Ричард Брэнсон негізін қалаған Virgin Group жарысқа шақырады. Бұл Англия мен Европадағы ең ірі стартап-конкурс болып саналады.

“Біз университеттен де, қазақстандық бизнесмендерден де көмек сұрадық. Бірақ, ешқайсысы қол созуға құлықсыз болды. Соған қарамастан біз финалға шықтық”, – дейді жас кәсіпкер.

photo_187218

Қазіргі кезде Асқарға маркетингтік агенттіктер және қазақ-дизайнерлер көмектесіп жатыр екен. Лондондағы достары да қол ұшын созуда. Қазір оның командасында 15-16 адам бар. Ұжым көпұлтты болғанымен, олар идеяны жүзеге асыру үшін бірлесе еңбек етуде.

Талқылау