Ұлттық банк 20 мыңдық банкнотты шығару себебін түсіндірді

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 22:56

20 жылдық банкноталар 2013 жылы шығарылған, сондықтан оны дайындауға қосымша қаражат жұмсалмады.

20000

Қазақстан Ұлттық банкі 20 мыңдық банкнота шығарудың құны құпия ақпарат, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банкте қосымша ешқандай шығындар болмайды. Банкноталар 2013 жылы шығарылған, сондықтан оны дайындауға қазір қосымша қаражат жұмсалмады.

Сақтау, тарату, бөлу және өңдеу үшін орталық банк қосымша қаражат жұмсамайды. Жаңа банкноталарды екінші деңгейлі банктер береді. Бұл қарапайым үдеріс және жаңа банкноталардың шығуы қосымша қиындықтарды тудырмайды.

Екінші деңгейлі банктер клиенттерге қызмет көрсету үшін өз банкоматтарын осы банкнотаға икемдеуі тиіс. Бұл үшін көп уақыт кетпейді. Алайда купюра қабылдайтын аппараттарды икемдеуге бірақ уақыт жұмсалады. Өйткені техниканы түрлі сападағы купюраны тануға «үйрету» керек.

Банкнотада машина оқитын тексерілген және сенімді және қорғалатын элементтер қолданылды. Банкнотаның ескіруіне қарамастан, ол өз қасиетін жоймайды.

 Ұлттық банктің хабарлауанша, 20 мыңдық номинал елдегі орташа жалақының көрсеткіші болып табылады.  Сондықтан жаңа банкноттың шығуы елдегі ақша айналымын шыңдаудағы қалыпты жағдайы деп саналады. Ақшаның құнсыздануына ешқандай әсері болмайтынын жеткізді.

Және де жаға номинал шыққанымен айналымда ақша көбеймейді. Сонымен бірге ұсақ номаналды ақшалардың шығуы азая түседі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар