Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2-сынып оқушыларына арналған оқулықтағы мәтін жұрттың қызу талқысына түсті

Желіде 2-сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» оқулығындағы мәтін жұрттың қызу талқысына түсті. Пікір қалдырушылардың дені мәтін авторы қара нәсілділер мен семейліктерді кемсітті деп тапқан, деп жазады Stan.kz.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СМИ 🇰🇿🐪|16 (@go_semey)

Желіде тараған оқулық мәтінінде қара нәсілді баланың Семейдегі мектептердің біріне оқуға келгені және оқушылардың оған деген көзқарасы жазылған.

«Жақында сыныбымызға жаңа оқушы келді. Оның есімі – Майкл. Оның ата-анасы жұмыс істеу үшін, Қазақстанға көшіп келген. Сіздер мұнда ерекше ештеңе жоқ деп ойларсыздар, алайда олай емес. Ол Африкадан көшіп келген ресейлік  азамат болып табылады. Бұл Қазақстан үшін біртүрлі естіледі. Ал Семей қаласы үшін, бұл тірі тауыс құсын тірі күйінде көргенмен бірдей», – деп жазылған мәтінде.

Өз кезегінде желі қолданушылары мәтінде қара нәсілділер мен семейліктер кемсітілген деп тауып, ашуланып жатты.

«Мынау қандай мәтін? Мектеп оқушыларын аяймын… Қара нәсілділерді кемсіткен. Семейліктерді кемсіткен. Жазатын басқа ештеңе қалмады ма?», «Мен алматылық болсам да, Семейдің тұрғындар үшін ренжідім. Сонда олар қара нәсілділерді мүлде көрмеген болып тұр ма? Бұл кемсіту. Барлығымыз теңбіз және бірдейміз», «Қара нәсілділерге бүкіл Қазақстанда таңдана қарайды. Тек Семейде ғана емес», – деп жазды желі қолданушылары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау