Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 мың теңге үшін айуанша ұрып, соқыр етті: Ақтөбеде екі әжейді ұрған қылмыскер әлі жазаланған жоқ

Ақтөбеде екі әжейді ұрған күдікті әлі анықталмай жатыр. Зардап шеккен 65 және 72 жастағы әжей қылмыскердің көрші бала екенін айтқанымен, тұлғасы әлі анықталмаған. 

aqtobe

65 жаcтағы Айман Сағындықова мен 72 жастағы Зулиха Қоспаева жас жігіттің қолынан аяусыз соққыға жығылды. Оқиға 22 ақпан күні болды, деп жазады Актобе Таймс-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Қылмысткер екі зейнеткерді аяусыз ұрып, ақша талап еткен. Миллион теңге тауып беруін сұраған.

"Бізді екі сағат ұрды. Сіңлім қолындағы бар екі мың теңгесін берді. Бірақ жігіт "миллион теңгелерің бар, соны тауып бер" деп қорқытты. Үй іші тегіс қанжоса болды. Ара-тұра телефонмен сөйлесті. Сонда арғы жағынан "Оларды өлтір" деп жатты", - деді зардап шеккен әжей.

Олар шабуылдаушыны бірден таныды. Себебі жігіт бет-жүзін жасырмаған. Қылмыскердің көрші үйде тұратын бала екенін айтады. Тергеуші оның суретін әкеліп "Кореец" деген лақап атымен танылғанын айтқан. 

Бірнеше айда бірнеше рет тергеуші ауысыпты. Олардың бірі үш пышақ әкеліп, қылмыскердің қайсысын қолданғанын сұрады. Әжей оның басқа пышақтар екенін айтты.

Талқылау