Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“2-3 оқыса да қарамайды”: Сәкен Майғазиев ұлына жар қарайлап жүр

Күні кеше Жазира Байырбекова болашақ келініне іздеу салған еді. Ене болуға асығып жүрген әнші 20-дан асқан ұлының жалғыз жүргеніне алаңдап жүрген сыңайлы. Сол сияқты Сәкен Майғазиев те жүрген жерінде жалғыз атұстарына жар іздейтін көрінеді.

"2-3 оқыса да қарамайды": Сәкен Майғазиев ұлына жар қарайлап жүр

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Байырбекова келін түсірсе, қатал ене болмайтынына сенімді. Оған ең бастысы, келіні ұлын сыйлап, өзінен жоғары көріп тұрса болғаны.

“Өзінің күйеуін өзінен жоғары қою керек, күйеуінің денсаулығына қарау керек. Жүйкесінің тыныш болуын қадағалау керек”, – дейді Байырбекова.

Айтпақшы Жанболаттың ұлы Қазбек пен Сәкеннің ұлы Әділет түйдей құрдас. Кішкентайынан бірге өскен екі ұл тіпті, жоғары оқу орнын бір уақытта тәмамдаған. Екеуінің тағдыры да ұқсас болып шықты. Қазбек үшін анасы келіншек іздеп жүрсе, ұлына сай келетін қызда Майғазиевтің өзі қарап жүрген көрінеді.

“Он жасқа жақындағаннан бастап анау «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал», – дейді ғой қазақта… «Сөйтіп осы үйден тәлім-тәрбие алған қыз жаман болмайды, инабатты, ақылды болады деп өзім топшылайтынмын да, анасы қарашы, мамасы деген керемет әйел, әкесі деген менің досым, құдаласайық», – деп айттым кеттім деймін”, – дейді Сәкен Майғазиев.

“Барған үйдің қыздарын, ол 2-3 оқиды ма қарамайды. Әйтеуір ұнаған үйдің қыздарының фотосын алып келеді. Баламыз күледі «мама бұлар әлі кішкентай ғой», – деп” – дейді Сәкеннің жары Динара.
Ал Майғазиевтің тұңғышы Әділет әкесі таңдап берген қызға үйленуге дайын.

“Әке-шешемнің сөзі мен үшін заң! Кез-келген уақытта келін дайын десе, біз дайынбыз. Біздің отбасымызда сондай. Әкем таңдаса мен ешқандай қарсылық білдірмеймін”, – дейді ол.

 

Талқылау