Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушылар мектеп асханасынан жаппай уланып қалды

Алматы облысы, Алакөл ауданында мектеп оқушылар асханада ас ішіп уланып қалды. Әлеуметтік желі қолданушыларының ақпараты бойынша уланған оқушы саны 35 болуы мүмкін.

Өз кезегінде облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің баспасөз қызметі жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.

“35 зардап шегуші деген өтірік нәрсе, қазіргі кезде 5 бала ауруханаға түсті, қалғандары үй жағдайында бақылауда. Түскі астан кейін оқиғаның мән-жайын анықтап, кінәлілер жазаланады”, – деді департамент.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше балалар уланып қалған асхана әлі жұмыс істеп тұр екен. Ол жерде соңғы рет қашан санитарлық тексеріс жүргізілгені туралы не әкімдік, не департамент мәлімдеген жоқ.

Талқылау