Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов қызының тәтті қылықтары жайлы айтып берді

Қызының есімін қырық күнге дейін құпия ұстаған Қарақат, инста парақшасындағы соңғы посттарының бірін ханшайымына арнаған. Аяланың суретін желіге алғаш жүктеген анаға, жолданған сауалдардың санында шек жоқ! Алайда, кенжесіне қатысты көпшілік көкейіндегі сұрақтарға Қыдырәлі Болманов жауап берді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Осы жылдың мамыр айында бесінші мәрте ата-ана атанған Қыдырәлі мен Қарақаттың жанұясындағы жағымды жаңалыққа, күллі қазақ елі қуанған еді. Төрт атұстардан кейін дүниеге келген қызға Аяла деп ат қойған жұлдызды әке,  кішкентайының тәтті қылықтары жайлы қызықты әңгімесін айтты.

“Қазір енді күліп, танып, гуілдеп сөйлесемін мен енді. Жаным, бағым, таңым деп. Сөйлескенде кәдімгідей оны қабылдап, күліп, бала өзі өскен сайын тәтті болады ғой. Сондықтан, бүкіл сәби аңсаған адамдарға сәби тілер едім”, – дейді Болманов.

Қарақаттың парақшасынан кішкентай ханшайымның суретін көріп, сүйсінген оқырмандарының бір тобы сәбиді анасына ұқсатса, енді бірі әкесінен аумай қалғанын айтады.

“Қарақат өзіңнен аумайды дейді. Мен айтамын Қарақат қарашы мына жері саған ұқсап тұр деймін. Ең бастысы Алла бақыт берсін, кімге ұқсаса да”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Балаларының болашағынан үлкен үміт күтетін жұлдызды жұп, бүгінде бар күшті тұңғыштарына жұмсап жатқандарын жеткізді. Өйткені, Бекболат келер жылы мектепті аяқтамақ. Қазіргі таңда, Қыдырәлі мен Қарақат үлкен ұлының келешек мамандық таңдауда жаңылмауын жіті қадағалап жүр.

“Үлкенім сол спортпен, футболмен, қазір бокспен араластырып айналысып жүр. Өзі мектепте ғой. Бұйырса келер жылы бітіреді Алла қаласа. Оған былай-былай бар демейміз. Бірақ, ақылдасамыз  не істемек ойың бар, қайда бармақ ойың бар деген сияқты”, – деді ағынан жарылған әке.

Жіберіп алмаңыз:

Өзбек әніне клип түсірген Жігер Ауыпбаевты жұрт сынап тастады (видео)

Рауан Дәулетов Ақботаның бірінші күйеуімен араласатынын айтып, елді таңғалдырды

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)

Талқылау