1935 жылы АҚШ Жоғарғы соты Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) әділдік пен төреліктің үлгісі ретінде таныған

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 8:39

1935 жылы АҚШ-тың Жоғарғы соты Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) әділдік пен төреліктің аса зор үлгісі ретінде мойындаған.

ыыы

Бұл туралы livejournal.com хабарлайды.

АҚШ Жоғарғы сотының сайтында:

“Мұхаммед (571-632) -Ислам пайғамбары. Құран ислам дінінің негізгі кітабы болып табылады. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) ілімі Құрандағы қағидаларға сүйене отырып түсіндірілген.

Бейбітшілік пен әділдік үшін қозғалыс.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өзін әділ төреші ретінде көрсетті. Бейбітшілікке деген талпынысына ол өмір сүру барысында қол жеткізе алды. Ол әркез соғысқа қарсы болды және қарсы келген жаудың өзімен, тіпті бұл келісім өзі мен жақтастарын қызықтырмаған күннің өзінде де бейбіт бітімге келуге тырысатын. Ол ең алғашқы соғыссыз және қантөгіссіз бейбіт ортаны Мәдина қаласында қалыптастырды. Қаланың бейбітшілігін сақтап қалу үшін болған шынайы соғыстың өзі оның 63 жылдық ғұмырында небәрі алты күннен астам ғана уақытын алды. Ол әділеттілікті сақтап, адамдардың бостандығы үшін күресті. Әсіресе, запа шеккендер мен жәбір көргендердің қамын жиі күйттеді.

Ол бүкіл адамзат баласы үшін тек бір Алла ғана әмірші дегенді ұғындырды.

Ол барша мұсылмандарды барлық пайғамбарларға сенуге шақырды. Ол Меккеден Мәдинаға келгеннен кейін иудейлер және пұтқа табынушылармен келіссөздер жүргізді. Мұсылмандар бұл келісімді әлемдегі сақтаулы алғашқы жазба конституция деп санайды.

Ол Мәдинада аңшылық пен ағаштарды кесуге тыйым салды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) жаппай бейбіт тұрғындарды өлтіруді заңсыз, жауыздық деп бағалап соғыс жасауға қатаң шектеу қойды. Тіпті адам өлтіргендер үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Рухани тәртіп.

Жеке тазалық; Өмірдегі барлық нәрсені сақтау және қамқор болу, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер басты орында; Дұға ету мен діни шаралар; ауыз бекіту және қайырымдылық; Әділ тәртіп және қайырымды істер; ата-ана, бала, жар және көрші құқығы.

Тұлға аралық қарым-қатынасы.

Адамдық қатынасты күшейту үшін білім алу және қатынасты бұзудан сақтану, барлық істе мақтап, көтермелеп отыру, нәсілшілдікке, фанатизмге жол бермеу, өзгелерге қонақжай, қайырымды болу.

Қаржыны басқару.

Қайырымдылық шараларын қолдау, кедейлерге қамқор болу, жұмысшыларға құрметпен қарау, халықты қанамау. Жеке өмірге, гендерлік қатынасқа, некеге, ажырасу мен мұрагерлікке қатысты жеке заңдар мен ережелер.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) үкім шығарушы соттардан халық үшін көп нәрсені қиындатпауды сұраған. Ол егер кімде кім Аллаға шын жалбарынып сұраса барлық күнәлардың кешірілетінін айтқан. Ол әркез келісімге берік болуға және өзгенің еңбегін қанамауға, қысым көрсетпеуге үндеген.”

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар