Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жылдан бері түрмеде отырған Қазақстан азаматы Дубай сотынан кешірім беруін сұрады

БАӘ-де жеңгетайды өлтіргені үшін 1998 жылы өмір бойына қамауға алынған Қазақстан және Өзбекстанның әйел азаматтары кешірім беру жайлы төртінші мәрте өтініш жазды.

8762

Бұғанға дейінгі үш өтініш те 2013, 2014 және 2016 жылдары бірінші сот инстанциясынан қайтарылды, деп хабарлайды Gulfnews.

Қазақстан және Өзбекстан азаматтары БАӘ-де  жезөкшелікпен айналысып, Ресейден келген жеңгетайларын өлтіргені үшін  жазаға тартылды. Сот құжаттарына сәйкес, екі әйел мен иордандық азамат оқиға құрбаны болған әйелге ұйықтап жатқан жерінде ас үй пышағын сұғып алған. Артынша денесіне бензин құйып, өртеген. Іс екі жыл тексеріліп, кассациялық сот үшеуін де Дубай орталық түрмесіне өмір бойына қамау жөнінде үкім шығарды.

Екі әйел темір торда 18 жыл 11 айын өтеп, төртінші рет кешірім  беру өтінішін жолдады. Бұл қадамға олар қайтыс болған ресейлік азаматша отбасының өз еріктерімен қылмыстық қудалаудан бас тартуынан кейін барды. Өтініште сотталушылар істерін мойындап, өкінетіндіктерін жазған. Дубай заңына сәйкес, өмір бойғы қамауға алынған сотталушы 15 жыл жазасын өтегеннен кейін түрмеден босату туралы арнайы петиция жазуға құқылы.

Тағы да оқыңыз:

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды

Астанада өзенге құлаған екі адамды құтқармақ болған куәгер де суға батып кетті

Адасып қалған жағдайда аман қалудың 10 тәсілі

Талқылау