Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

19 жыл бұрын жоғалып кетіп, Тәжікстаннан табылған атыраулық әйел ата-анасымен қауышты

Осыдан 19 жыл бұрын жоғалып кеткен атыраулық әйел елге оралды. Әсел Дүйсенбаева осы уақы бойы Душанбеде әркімнің үйін паналап, күн көріп келген.

19 жыл бұрын жоғалып кетіп, Тәжікстаннан табылған атыраулық әйел ата-анасымен қауышты

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 19 жыл бұрын жоғалып кеткен қазақстандық әйел Тәжікстаннан табылғанын хабарлаған едік. 16 жастағы Әсел Тәжікстан азаматына ғашық болып қалып, мектеп бітіре салысымен онымен бірге Душанбеге кетіп қалған. Тәжікстандағы қазақстандық консул көлікпен кетіп бара жатып, жолдың шетінен іздестіріліп жатқан қызға ұқсас әйелді көріп қалыпты. Әйел қазақ тілінде сөйлей алмайды. Алайда орысша сөйлеп, өзінің есімі Әсел екенін айтқан.

«Біздің елші оған фотосуреті мен туыстары туралы видеоны көрсетті. Ол жарты сағат жылап, абдырап қалды. Өзімен не болып жатқанын ұқпады. Оны елшілікке алып келіп, қайтар билетіне ақша жинап беріп, Қазақстанға қайтуы үшін куәлік табыстадық. Ол өткен жұмада Душанбе-Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшып келді. Қазіргі уақытта туыстарының жанында», – деген еді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Осылайша Әсел Дүйсенбаева елге оралды.

«Көп рахмет! Үйге келгеніме қуаныштымын», – дейді Әсел көз жасын тыя алмай.

2013 жылы жергілікті кәсіпкер Нұрқасым Хамзаұлы жұмыс бабымен Душанбеге барып, даяшы болып жұмыс істеген қазақ қызын көреді. Кейін Әселді елге алып келу үшін бар күшін жұмсайды. Бірақ Әселдің құжаты болмағандықтан, бұл әрекетінен нәтиже болмапты. Кәсіпкер қызды достарының үйінде қалдырып, өзі елге келісімен, әлеуметтік желіде суретін таратып, туыстарын іздей бастайды. Көпшіліктің қолдауымен біраз уақыт өткеннен кейін ата-анасы табылыпты.

«Қазақтың қызы болғаннан кейін көмектесіп жібердік», – дейді кәсіпкер.

Осылай көпшілік жұмылып қазақ қызына көмек көрсеткен. Елшілік оның Қазақстанға қайтып оралуына қажетті құжатты рәсімдеп, осылайша Әсел Қазақстанға қайтып келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр