19 жастағы студент «Қостанай аруы-2015» атанды

Дүйсенбі, 16 Қараша , 2015 11:27

«Қостанай аруы-2015» атағын 19 жастағы Ксения Бруман жеңіп алды. Аталмыш сайыстың жеңімпазы 15 қараша күні белгілі болған еді.

10

Қостанай аруы енді осы жылы өтетін «Қазақстан аруы» байқауында бағын сынамақшы. Желтоқсан айында барлық облыстан жиналған сұлулар Астана қаласында «Қазақстан аруы-2015» атағына таласатын болады. Жеңімпазға қаржылай сыйлық 1млн теңге беріледі.

Ксения Бруман бұған дейін сұлулығының арқасында «Мисс фото», «Мисс Эстель» атақтарын жеңіп алған еді.

-Мен жеңемін деп ойлаған жоқпын. Бірақ, барынша әрекеттендім, жеңімпаз атануға барымды салдым. Қолымнан келді. Себебі, мен өзіме сенімді болдым. Қазір қатты толқып тұрмын.Өте қуаныштымын- дейді Ксения Бурман.
Ксеня хореограф мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік педогогикалық колледжінің төртінші курсында оқиды. Және осы жеңісі сән әлемінде өзін модель ретінде қалыптастыруға үлкен жол ашады деп сенеді.
«Мисс Қостанай» сайысының финалында 18 бен 23 жас аралығындағы 15 ару бақ сынаған еді. Сұлулар алдымен той көйлегі мен бірнеше сәнді киім үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Артынша бидегі қабілеттерін көрсетті. Осы жарыстардың нәтижесі бойынша 6 ару іріктеліп алынды. Ең шешуші кезең интеллектуалдық сайыс болды.
Қазылардың шешімі бойынша бірінші вице-мисс атағы Альбина Алкееваға берілді. Екінші вице-мисс Мария Латыпова атанды.

11

12

 

17

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар