Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы қарағандылық жігіт 250 мың теңгеге танысын өлтіруге тапсырыс берген

Қарағандыда полицейлер тапсырыспен адам өлтіру қылмысының алдын алды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз-қызметі хабарлап отыр.

1432557226

Сурет jurist24.com

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 19 сәуірде адам өлтіруге тапсырыс берген жігіт Қарағанды сауда үйлерінің бірінің маңында ұсталды.

«9 наурызда Қарағанды облысының ІІД-не 19 жастағы жігіт 18 жастағы танысын өлтіру үшін киллер іздеп жүргені жайлы хабар түсті. Жедел-іздестіру шаралары кезінде тапсырыс беруші 250 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындағаны жайлы әңгіме тіркелді. Жігіт ақшаны беріп, орындаушы дәлел ретінде мәйіттің суретін көрсетеді деген талап қойды», – деді ІІД баспасөз қызметінен.

Ұсталған азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау