Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жасар қазақстандық Лос-Анджелесте үздік режиссер атанды

9 жасар қазақстандық Айсұлтан Сейітовтің фильмі HOLLYWOOD BOULEVARD FILM FESTIVAL «Режиссура» аталымында үздік деп танылды.

09d0aae35f3a26760da3fe9c151b667c_resize_w_520_h_

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

1 қарашада Лос-Анджелесте жыл сайынға кино майталмандарын марапаттайтын HOLLYWOOD BOULEVARD FILM FESTIVAL болды. Фестивальде қазақстандық Айсұлтан Сейітовтің «Қорқау қасқыр» фильмі «Үздік режессура» аталымында жеңіске жетті. Фильмнің картинасы «Үздік фильм», «Үздік режиссура» және «Үздік оператор жұмысы» аталымдарында ұснылған.

«Осы фестивальде өз елімді таныстыра алғаныма қуаныштымын. Өз елімде «Қорқау қасқыр» осындай мәртебеге ие болмағаны өкінішті. Бірақ, мен әлі жаспын – 20 жасқа да толған жоқпын. Күш-жігерім де, идеям да көп. Қазақстандықтарды талай қуантамын деген сенімдемін», – деді Айсұлтан Сейітов.

«Қорқау қасқыр» қысқа метражды фильмде Алматы маңында өскен баланың қиын тағдыры баяндалады. Ол қылмыс әлемі мен өз отбасының ортасында қалады. Драма өмірдің мәні мен құндылықтары, сатқындық сияқты тақырыптарды қозғайды.

Биылғы «Еуразия» кинофестивалінде картинаның премьерасы болды.

Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

ШҚО-да 82 жастағы әжейді құжаты дұрыс болмағаны үшін пойыздан түсіріп кетті

Бекболат Тілеуxан: Сағадиев мырза, 105 жылдық тариxы бар Әліппе неден жазықты болды?

Алматыда таксиші талмасы ұстап құлап қалған жолаушы әйелді зорлап тастаған

 

Талқылау