Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

19 қате жіберген Жұматай Әлиев қазақ тілі сынағынан өте алмады

ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтайтын емтиханнан сүрінді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комисиясы жанынан құрылған мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  

jumatai

«Бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Үміткер үш тапсырмаға берілген уақытты толық пайдаланды. Бірінші тапсырмада «Мемлекет және дін» деген тақырыпта жазбаша жұмыс жазды. Бір жарым сағат отырып, тақырыпты мүлдем аша алмаған.

Одан кейін мәтін оқуға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екінші бөлімін таңдап алды. Әуезді, ұлы шығарманы дұрыстап оқып бере алмады. Ал үшінші кезеңде «Ырыс алды ынтымақ» деген тақырыпта сөйлеген сөзіне қанағаттанбадық. Жазба жұмысында 19 қате жіберген. Бұл өте көп. Осылайша лингвистикалық комиссия Жұматай Әлиевті мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген қорытынды шығарды», - деп мәлімдеді Ахметов.

Осыған дейін кандидаттардың барлығы мемлекеттік тіл емтиханын жақсы тапсырған болатын. Ал Жұматай Әлиев сынақтан сүрінген алғашқы кандидат.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр