Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жылдан бері мешкейліктен зардап шегетін қыздың бір күні (фото, видео)

Жақында британдық блогер Шэнни 18 жылдан бері мешкейліктен зардап шегіп келетін өзіжайлы YouTube желісіне видео жүктеген еді. Онда ол осы дерттің салдары неге алыпбарарын, қандай қиындықтар болатынын айтқан еді. Блогердің өзінде арнай видео канал бар, онда ол тамақтану кезіндегі түрлі аурулар бойынша зерттеу жүргізіп отырады.

мешкей-қыз2
Жұртты шошытқаны тура осы дерттің салдарынанан адамның физикалық өзгерістерге ұшырауы: тіс түсіп қалады, аурушаңдық, тәбетің тартқан дүниені тұтына алмау.

Шэнни қазір өзінің күйеуімен бірге тұрады. Ол осы аурумен ауырғанына қарамастан өзін жолы болған адам деп есептейді. Дегенмен Шэнни бірнеше мәрте өлім аузынан аман қалған.

мешкей-қыз6

«Мешкейдің бір күні» видео жазбасында науқас қыздың әр таңы таразға тартылудан басталады. Ол ұйқыдан оянасалысымен салмағын бірнеше қайтара тексереді.

мешкейқыз8

Осыдан кейін мешкейлердің әдетінше Шэнни түрлі тағамдардың көп мөлшерін бірден жейді. Осының салдарынан кешке дейін жүрегі айнып жүреді.

мешкей-қыз

Қыз өзінің астыңғы тістері түсіп қалғанын көрсетуде. Шашы да сири бастаған. Оның күні бойына айналысатын ісі тамақтанып, таразға тартынумен өтеді.

мешкей-қыз7

Шэнни өзінің осындай тамаққа деген тәуелділігі 13 жасынан басталғанын айтады. Сондай-ақ тамақ талғап, кірпияздық танытпайтынын да ашық айтады.

мешкей-қыз5

Блогер видеодағы жайттан өзінің қазіргі халі әлде қайда жақсарғанын айтады.

мешкей-қыз4

Шэнни осы мәселе арқылы әлі жағдайы асқынбаған адамдарды тамақтану кезінде өте сақ болуға шақырғысы келетінін айтады.

мешкей-қыз3

Қыз өзінің осы дертпен 18 жылдан бері күресіп жатқанын айтады. Кейде ағзасында өзгерістер пайда болып, жағдайы жақсарғанымен, дерт қайта пайда болады екен.

Талқылау