Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы қыз 3 жасар баланы көліктің соққысынан қорғап қалды

Башқұрстанда 18 жастағы қыздың жасаған әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Бұл туралы ufa.kp.ru жазады.

Лэйла Сафутдинова таңғы уақытта өзі оқитын кадет корпусына жақын орналасқан дүкеннен шығады. Жаяу жүргіншілер жолағының жанында ол 3-4 жастағы немересі бар әжейді көреді. Немересі мазасызданып, ешқайда барғысы келмейтінін танытып жатады.

Шаршап кеткен әжесі жолақпен өзі жүріп кетеді, біраз уақыттан соң бала да әжесінің ізінен жүгіреді. Кенет балаға қарай машина зулап келе жатқанын көрген Лэйла баланы қапсыра құшақтап, көліктің соққысын өзіне бағыттайды.

“Мен оны қолыма алып, қапталыммен көлікке қарай бұрылдым. Болды. Көзімді ашқан кезде баланы ұстап көліктің капотының үстінде жатыр екенмін. Жүргіншілер менің орнымнан тұруыма көмектесті. Бала өте қатты қорқып, жылаған. Алыстан әжесі жүгіріп келіп, алғыстарын айтып кетіп қалды”, – дейді қыз.

Ал көлік жүргізушісі болса сол күйі жазасыз қалған. Лэйла да көлік нөмірін есінде сақтамапты. Қуанышқа орай, қыз аз-маз ғана жеңіл жарақат алған.

Бұл оқиға туралы қыз да, әжей де ешкімге айтпаған. Кейін кадет корпусы оның бұл ерлігі туралы білген кезде ұжымның алдында марапаттап, оған алғыс білдірген. Ақшалай сыйлық та табыс еткен.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал актриса өзіне АҚШ-тың экс-президентінің жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды

Си Цзиньпин Қытай Компартиясының бас хатшысы болып қайта сайланды

72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды

Қытайда стюардесса әуежайдан көтеріліп жатқан ұшақтан құлап кетті

Талқылау