18 кездесуінің бәрінде жеңген қазақстандық спортшы АҚШ-қа не үшін кеткенін айтты

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 9:30

Қазақстандық 25 жастағы кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15 қатарына енді. 18 кездесуінің бәрінде жеңген спортшы АҚШ-қа не үшін кеткенін де айтты.

maxresdefault

Сурет: jobway.kz 

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

1990 жылы Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылында туған Жанқош Тұраров 2004 жылдан бастап бокспен айналыса бастаған.

– Ауылда бала кезден төбелеске әуес болдым. Ауылдың қай жерінде төбелес болса, сол жерде мен жүретінмін. Мектепте де бірінші атаман болдым. Кейін әкем бокс секциясына апарып, Сағатбек Мұстаханов ағаға тапсырды. Спорттағы фундаментімді қалаған – сол кісі. Сабақтан гөрі жаттығуға барғанды қалайтынмын. Айлап сабаққа бармаған кездерім де болған, – дейді боксшы.

Жанқош Тұраров ауылында жүргенінде әуесқой бокс жарыстарына қатысып, бірді-екілі жарыста ғана медаль алғанын, көп жеңіске жете алмағанын айтады.

– Әуесқой бокста қатысқан жарыстарда жеңіс аз болды. Ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда финалға шыға алмай қатты қиналған кездер де болды. Кейін ағаларымның кеңесімен кәсіпқой боксқа ауысып кеттім, – дейді боксшы.

Жанқош Тұраров 2008 жылы Алматыға келіп, кәсіпқой бокстың қыр-сырын меңгере бастайды. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2009 жылы өткізіп, қарсыласын жеңген.

– 2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атандым. Оған дейін Невада штатында бір-екі америкалық бокшысымен кездестім. Сол жерде бірнеше промоутер менің кездесуімді көріп, АҚШ-қа шақырды. 2013 жылы Майамиге кеттім. Қазір Қанат Ислам екеуміз Нельсон Лопестің қол астында жаттығамыз, – дейді боксшы Азаттық тілшісіне.

Ол Совет Одағында әуесқой боксқа көп көңіл бөлінгенін, соның кесірінен постсоветтік елдерде кәсіпқой бокс дамымай қалғанын айтады.

– Сол себепті кәсіпқой боксшылардың көбі әлемді бағындыру үшін АҚШ-қа кетеді, – дейді ол.

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы карьерасында 66,7 килограмм салмақта 18 кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Қаңтардың 29-ы күні Нью-Йоркте бразилиялық Хоаким Карнейромен 12 раундтық кездесу өткізіп, бірінші раунд-ақ жеңіске жеткен Жанқош Тұраров 66,7 килограмм салмақта NBA (Ұлттық бокс ассоциациясы) бойынша әлем чемпионы атағын иеленді. Қазақ спортшысы WBA (Әлемдік бокс ассоциациясы) рейтингінде өз салмағы бойынша үздік 15 боксшының қатарына енді.

– NBA белдігінің деңгейі жоғары деп айта алмаймын. Бірақ бұл да – жетістік. Енді әлемдегі ең үздік WBA мен WBO (әлемдік бокс ұйымдары) тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа таласуым керек. Қазіргі кездесулерден табыс тауып көрмедім. Себебі мен өткізген кездесулер телеарнадан көрсетілмеді. Рейтинг көтеріп, үздік боксшылармен кездесуім керек. Сонда бокстан табыс табуға болады, – дейді спортшы.

Жанқош Тұраровтан AIBA-ның (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) кәсіпқой боксшыларды олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін шешімі жайлы пікірін де сұрадық.

– Бұл мәселеге қатысты қазір Халықаралық олимпиада комитетінің шешімі шығу керек. Бірақ олар қандай шешім шығарса да, мен олимпиадаға қатыспаймын. Барлық мақсатым – кәсіпқой бокста жетістікке жету, – дейді ол.

Қазір Қазақстанда жүрген спортшы сәуірдің ортасында 19-кездесуін өткізу үшін АҚШ-қа қайтады. Ол промоутері Нельсон Лопестің командасы қарсылас спортшыны іздеп жатқанын айтты. Биыл үш-төрт жекпе-жек өткізбек жоспары бар Жанқош Тұраров «ендігі ойым – 2017 жылы әлемдік рейтингте үздік ондыққа еніп, әлем чемпиондығына таласу» дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар