Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы қыз үш ай бойы Көкшетауда сексуалды құлдықта болған

Алматылық кәмелетке толмаған қызды белгісіз біреулер үш ай бойы заңсыз ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

нннн

Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

17 жастағы алматылық қыз осы жылдың мамыр айында сексуалды құлдыққа тап болған. Екі жас жігіт қызбен Астана қаласында танысып, алдап Көкшетаудағы пәтерге алып келеді. Қызды сол жерде бірнеше ай ұстап, интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Қыздың клиенттерінің бірі оның жағдайын естіп, полицияға хабарласыпты.

Қазіргі кезде күдіктілер ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126 бабы негізінде іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Түрмедегі Жамалиевтің VIP-камерасы: Сыра ішу, қыздармен көңіл көтеру

Өзбекстаннан келген әйел қазақстандықтардан 3 миллион теңге жинап берулерін сұрап отыр

Қостанайлық психиатрды өлтірді деп айыпталған дәрігер бас дәрігерді де өлтіруге тапсырыс берген

Қарағанды облысында 13 жастағы қыз 17 жастағы жігітімен қашып кетті

Талқылау