Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы Ақтаулық Әлия Мергенбаева «Қазақстан аруы-2015» атанды

Әлия Мергенбаева 17 жаста. Ол Маңғыстау туризм колледжінің студенті. Өзі жайлы әңгімелеген кезде  үйіндегі кішкентайларды балабақшаға тасып, үй шаруасында да  пысық екенін айтқан еді.

Miss

Фото: Турар Казангапов

20151211004048

10481912

Фото: ИА Новости Казахстан

12331913_451398075066879_763541490_n

12301365_581221702031735_381722966_n

12354078_711272832307532_1308913334_n

12357529_563076223844123_1156452040_n

12353440_134659246902167_1245720128_n

Фото: Официальный аккаунт конкурса “Мисс Казахстан”

20151211004121

12317566_1017814781573811_1528322437_n

Фото: Инстаграм

мисс4

Ал Әнуар Нұрпейісовтың “Соңғы рет қандай кітап оқыдың? Несімен ұнады?” деген сауалына ешқандай да әдеби кітап оқымайтынын айтты. Сұрақты толықтыра түсу үшін  ақырғырет  қысқа бір әңгімені оқығанын айтты. Бірақ үлкен сахнада қобалжыды ма оны дұрыс есіне түсіре алмады.

мис1

Биыл «Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазын қазақстандықтар онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Жеңімпаздың есімін жариялау үшін сахнаға Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров шықты. Еске сала кетсек, ақтық кезеңге қазылар алқасының шешімімен 5 ару өткен болатын.

мисс3

Байқауға Қазақстанның әр облысынан 30 үміткер қатысты. Байқауға қатысып отырғандардың ішінде журналист, халықаралық заңгер сынды мамандық иелері бар. Тіпті, мектеп оқушылары да бағын сынай келген.

«Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазына 5 миллион теңге сыйлықпен қатар этностильдегі қыз жасауы тарту етілді. Қазақтың дәстүрлі қыз жасауы «Алтын орда» авторлық дизайн үйі шеберлерінің қолымен жасалған. Салтанатты жиынтыққа «Махаббат көрпесі», сандықтар, «Бедерлі өрнектер» шал жастығы, қолдан тігілген жастықтар, сондай-ақ дәстүрлі дастарқан кіреді. Осының барлығын ұлттық дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтып отырған этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада жасап отыр.

мисс2

Қазылар алқасына тағайындалған адамдардың ішінде еліміздің танымал әрі құрметті азаматтары: Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, «Астана» футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов, ғарышкер Айдын Айымбетов және актриса Әсел Сағатова болды.

Сонымен бірге, қазылар қатарына «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, велошабандоз Александр Винокуров, «Астана Жастары» жастар орталығының басшысы Әнуар Нұпейісов, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада және «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова кірген еді.

 

 

 

 

 

 

Талқылау