Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жасар мысырлық қыз салтқа сай «піштіруден» кейін қайтыс болды

 Египеттің Суэц қаласындағы ауруханалардың бірінде  дәстүрге сай «піштіру» жасатқан 17 жасар Муса есімді қыз қайтыс болды. Оның өліміне хирургиялық жолмен ота жасау себеп болған.

ота

СNN арнасының хабарлауынша сол күні қыздың сыңарына да тура осындай ота жасалған. Бірақ, оның денсаулығы қалыпты жағдайда екен.

Қайтыс болған қыздың анасы сол ауруханада медбике болып жұмыс істейді екен. Ол қызының жыныс мүшесіне «піштіру» бойынша ота жасалғанын мойындаудан бас тартты.

«Бұл өкінішті жайттың бір бөлігі ғана, ата-аналар осындай салттың әлі жалғасып кележатқанын ашық мойындағысы келмейді»,- дейді Суэцттік денсаулық сақтау министрінің орынбасары Лотфи Абдель-Сами.

«Мұндай адам жанын түршіктіретін оталар  әйелдер мен қыздардың құқығын шектейді.  Мұны жасату жақында тоқтайтын түрі жоқ. «Піштірудің» мұндай түрі дінде де жоқ, ақылға да сыймайды»,-делінген БҰҰ-дан келген хатта.

Мысырда   қыздарды «піштіруге» 2008 жылы заң бойынша тыйым салынған. Дегенмен мұндайды жасырын жасататындар әлі де көп екен. Басылымның хабарлауынша  елдегі 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдердің 92 пайызына осындай ота жасалған. Мұндай отаны Мысырдағы ең білікті мамандар жасап келген.

 

 

 

Талқылау