Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жасар қыз аяғы ауыр екенін жүктіліктің 8 айында бір-ақ білген

Британдық Клактон-он-Си қаласының тұрғыны өзінің аяғы ауыр екенін босануға бір ай қалғанда бір-ақ білген. Бұл туралы The Sun басылымы жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аяғы ауыр екенін жүктіліктің 8 айында бірақ білген

Шафран Хэффер өзін нашар сезіне бастаған кезінде 17 жаста болған. Дәрігерлер бәрі қанның аздығы мен дәрумендердің жетіспеушілігінен деп айтқанымен Шафран өзін жақсы сезінбеген. Бірнеше айдың ішінде жақсы тамақтанғаннын өзінде ол қатты арықтап кеткен. Етеккірінің жоқтығын гормонды дәрі-дәрмектерді қолдануымен байланыстырған.

«Өзімнің салат, құлпынай, балмұздақ сынды өнімдерді жегім келгенін қасымдағы дүкенде науқан болып жатқанымен түсіндірдім», – дейді ол. Қыз күнделікті қалыпты өмір сүруді жалғастырған, уақытылы спортзалға барып тұрған, тіпті күнге шығып қарайған

Жүктілікті қызының ішіндегі қара дақтарды көрген оның анасы сезе бастаған. Жүктілікке тест жасағанда бәрі расталған.

Дәрігерге барғанда оған баланың арқамен жатқанын түсіндірген. Дәрігер баланы аударғаннан кейін, қыздың айтуынша оның іші бір күнде өсіп шыға келген. Келесі күні ол алғаш рет сәбиінің қимылын сезген.

Екі апта бойы бұл жаңалықты қалай қабылдарын білмеген Хэффер өзін жаман сезінген. «Соңында менің қолымнан келеді деп шештім. Мен мықтымын», – дейді ол.

Алты аптадан соң ол денсі сау 3,6 кг салмағымен ұл босанды, есімін Оскар деп қойды. Оған қазір 6 ай болды және қызға ана болу ұнаған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау