Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жасар грузин моделі Armani-дің жаңа бейнесі атанды

17 жастағы Грузия моделі Тако Нацвлишвили  Armani Collezioni  атты танымал  Италяндық брендтің жаңа бейнесі атанды.12645124_910631865651250_6651525548400240850_n

Бұл туралы Грузия жаңалықтары порталы хабарлайды.

«Мен бақыттымын! Armani Collezioni-дің жаңа бейнесі атандым. Армандар орындалады», – деп жазды ол Фейсбуктағы парақшасында.

Нацвлишвили Look Models сән агенттігің негізін салушы Нино Цкитишвилидің қызы. Жас қыз қазірге дейін бірнеше ірі сән көрсетілімдеріне қатысып үлгерген. Оның ішінде Versace, Christian Dior, Dolce & Gabbana, Yohji Yamamoto киімдерін таныстырған. 2015 жылы модель Париждегі сән апталығына да қатысқан.

Giorgio Armani s.p.a. компаниясы 1975 жылы италяндық моделер Джорджо Армани және кәсіпкер Серджо Галлеотидің бастамасымен құрылған. Киімдер, аяқкиімдер, еркектер, әйелдер, балаларға арналған аксесурлар және сағаттар, жиһаз шығарумен айналысады. Giorgio Armani, Emporio Armani, Armani Exchange, Armani Jeans, Armani Junior, Armani Casa брендтерімен де өнімдер таратып отыр.

Армани есімімен алғашқы топтамасын 1974 жылы таныстырса, 2005 жылы Armani Privé атауымен киімдер желісін ашты. Ол Италиядағы ең бай адамдардың бірі саналады. Forbes журналының нұсқасы бойынша оның байлығы 7,6 млрд евро екен.

Талқылау