Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты айдағанды жақсы көремін": Маржан Арапбаева көлігінің бағасын айтты

Маржан Арапбаева су жаңа көлігінің бағасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Көңіл қошы болғанда көлік ауыстыратын Маржан Арапбаеваның темір тұлпарды тізгіндегеніне биыл 10 жылдан артық уақыт болған. Өзі кішкентай болғанына қарамастан, биік көліктерді жақсы көретін Арапбаева су жаңа көлігін де қатты ұната бермейтінін жасырмады. Оның басты артықшылығы үнемділігінде екен.

"Сәті келіп тұрғанда көлігімді ауыстырамын. Бұл көлікті салоннан алдық. Бұл да маған аса қатты ұнап жүрген жоқ. Мен биік көліктерді ұнатамын. Бірақ, кез келген жерге ыңғайлы, жылдам, үнемді. Бағасы 17 миллион", - деп бағасын да айтып берді Маржан Арапбаева.

Көлікті жоғарғы жылдамдықпен айдағанды жақсы көретін өнер иесінің айыппұлдары да жетіп артылады. Алайда, жол сақшылары көп тоқтатпайды дейді ол.

"Көлікті қатты айдағанды жақсы көремін. Сондықтан қазіргі таңда айыппұлдарым көп", - деп шындығын айтты әнші.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр