Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

166 миллион теңге: Алтай Көпей қызына жиналған қаражат көлемін алғаш рет атады

Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің жағдайын қазақстандықтар жарты жылдан бері бақылауда. Қыздарының хәлін уақытылы желіге жазып тұратын ата-ана біраз үзілістен кейін Алиманың қатерлі ісіктен толық айықпағанын және емін әрі қарай жалғастыратынын айтқан болатын. Алайда бұл ақпарат Көпей отбасын алаяқтықпен айналысады деушілердің санын азайтпаған. Осыған орай Алтай Көпей жағдайдың мән-жайын толықтай өзінің Инстаграм парақшасына жазуды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

166 миллион теңге: Алтай Көпей қызына жиналған қаражат көлемін алғаш рет атады

Қызының дертімен күресу жолында барлық қорлар мен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарға өтініш білдіргенін жазған Алтай олардың жағдайын бақылап отырған халықтың үшке бөлінгенін айтады.

«Біздің жағдайымызды бақылайтындар саны үшке бөлінген: бізді жақтайтындар, бізді кінәлайтындар және тек бақылап жүргендер. Алғашында бізді барлығы қолдаған болатын. Бірақ кейін үлкен дау көтеріп, бәрі біз туралы айта бастады. Тергеу жүргізіп, жалған парақшалар ашылды. Алиманың диагнозы туралы біле сала біз барлық қорлар мен ұйымдарға өтініш білдірдік. Алайда «Кешіріңіз, ақша жоқ», «Сіздердің диагноздарыңыз Қазақстанда емделмейтіні туралы құжат әкеліңіз», «Сіздер шетелдесіздер» деген жауаптардан кейін тек жақындарымыз бен өзімізге сенуді ұйғардық», – деп бастаған жазбасын Алтай Көпей.

Өзінің отбасын жақсы жағдайда екенін жазғандарға жауап қайтарып, «Біз ешқашан кедей тұрған емеспіз. Бірақ бізде онша ақша болған емес. Туған-туыстарымыздан, таныстарымыздан көмек сұрадық. Ешкімге жарнама үшін ақша төлемедік. Менің ойымша біз қорлар мен әлеуметтік желіде қайырымдылықпен айналысатындардың жолын кесіп кеткендейміз. Қайырымдылыққа арналған ортақ сөмкедегі барлық ақшаны біз алып кеткендейміз», – дейді Алиманың әкесі.

Отбасына алаяқ деп кінә таққандардың көпшілігі жиналған қаражатқа есеп берілмегеніні алға тартқан болатын. Тіпті қанша көлемде қаражат керектігін атамады деп кінәлаған отбасы бұл сұраққа да жауап берді.
«Біздің парақшамызда қаражаттың жетіспеушілігі немесе қанша керектігі туралы жазылмаған. Керекті ақшанын санын білсек жазбас па едік? Дәрігерлердің болжамы апта сайын өзгеріп тұрады. Алиманың ағзасы емді бірде қабылдаса, екінші жол қабылдамай жатыр. Сіздерді қуантайық деп ешнәрсені жазбай жүрсек, тағы да бәрін қопарып бізді жамандайды», – дейді Алтай.

Жақсы тілек жазушылармен қатар олардың отбасына өлім тілейтін адамдардың да бар екенін айтқан Алтай «Қызыма денсаулық тілейді, бірақ пікірлер арасында Алиманың өлімін, отбасымыздың жол апатына түсуін тілеп жазатындар бар. Біз оларды адамдардың арасында жағымсыз пікір қалыптаспасын деп өшіреміз», – дейді.

Сонымен қатар, Алтай халық жинап берген қаражаттан бөлек өзінің отбасы мүшелерінің жұмыс істеп табыс табатынын, жақын туыстарының, әріптестерінің көмектесіп жатқанын атады. Және Алиманың еміне деп жиналған қаражаттың көлемін жазып, қаншасы жұмсалғанын айтты.

166 миллион теңге: Алтай Көпей қызына жиналған қаражат көлемін алғаш рет атады

«12 шілдеге дейін 133 миллион теңге жиналды. Мен бұған дейін де есеп беріп, түбіртектерді көрсетіп жүргенмін. Бұл кезден кейін түскен ақша депозитте тұр. Ол 28 миллион теңгені құрайды. Ол қаражат әлі жұмсалмады. Халық берген ақша өз орнымен жұмсалып жатыр. Ал біз Америкада өзім тапқан табыс пен туыстарым берген ақшаға өмір сүрудеміз. Ал біздің отбасымызды 1 миллион доллар жинап алды деп айыптайтындардың бұл көлемді қайдан ойлап тапқандарын білмеймін. Отбасымызда жиналған қаражаттың көлемін інім екеуміз ғана білеміз», – деп жазады Алтай.

Сөз соңында көпшілік қарсылық танытқанымен Құдайдың Алима жағында екенін айтып, қызына денсаулық тіледі.

Естеріңізге салсақ, кезекті материалымызда Алтай Көпейді АҚШ-тан не үшін қымбат пәтер жалдағанына қатысты түсініктемесі туралы жазған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау