Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшада 16 жыл комада жатқан қыз есін жиды

16 жыл бойы комада болған Польша азаматшасының беті бері қарады. Дәрігерлер оның орталық жүйке жүйесіне бірегей стимуляторды енгізу арқылы бойжеткенді комадан шығарды.

koma-1

Александра Янчарская 6 жасында дәріні сумен ішпекші болып, шашалып қалған. Салдарынан гипоксияға ұшырап, артынша комаға түсіп қалған. Биылғы жылдың мамыр айында Янчарскаяның анасы мен поляк актрисасы Эва Блащик ұйымдастырған қордың ұйытқы болуымен поляк дәрігерлері жапон әріптестерімен бірігіп бойжеткеннің орталық жүйке жүйесіне стимулятор енгізді. Мұндай құрылғы Ольштында тағы алты науқасқа енгізілген. Тамыздың басында олардың біреуінің комадан шыққандығы белгілі болды. Янчарская осындай ота көмектескен екінші науқас болып отыр.

«Ол айналада болып жатқан жайттарды бақылайды, өзіне ұнайтын нәрселерді ишарамен білдіріп, бірдеңе ұнамай қалса, ашуланғанын да көрсетеді. Бұрын ондай болмаған», – деді дәрігер Моника Барчевская.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың оянғаны оның бірден жүріп және сөйлеп кететінін білдірмейді. Комада жатқан уақыттың ішінде оның ағзасында үлкен өзгерістер орын алды. Оларды қалыпқа келтіру үшін ұзақ уақыт оңалту жұмыстарын жүргізу қажет.

Осы жылдың соңына дейін ОЖЖ-нің осындай стимуляторын комада жатқан тағы да сегіз науқасқа ендіреді екен.

ОЖЖ стимуляторын орнату – жұлынның қатты қабықшасына электродтарды бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Алматыда өзін алып қашқан жігіттермен бірге жол апатына түскен бойжеткен есін жиды

Қостанайда дәрігерлер ауыр жарақат алған жігітті өлім аузынан аман алып қалды

Ақтөбе дәрігерлері ұлыбританиялықты өлім аузынан құтқарып қалды

Талқылау