16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бүгін Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет атанғанына 26 жыл толды.

Осыдан 26 жыл бұрын (1991) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойған еді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, республика өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.

«Бұл күні уақыт өлшеміне бағына қоймайтын мақтаныш, қуаныш пен толқыныс өзара үйлесім тауып, ерекше сезімге бөлейді», – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жылдам өсуге қол жеткізіп қана қоймай, алдағы уақытта орнықты даму үшін берік негіз қалағанын айтты.

«Бұған дейін тарихымызда болмаған кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. 1,2 миллионнан астам қазақстандық өзінің жеке кәсібін жүргізіп, барлық ұлттық кірістің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің әлеуметтік функциясын нығайтудың кепіліне айналған экономикалық өзгерістердің табысты болғанына ерекше назар аударды.

«Халқымыздың саны тарихымызда бірінші рет 18 миллионнан асты, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Қазақстан биыл бастауыш білім беруді қамту ауқымы жөнінен әлем бойынша төртінші орынға шықты. Өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға өсіп, 72,5 жасты құрады. 1,1 миллионнан астам отбасы баспаналы болды», – деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне жеке тоқталды.

«Елордамызда халықаралық ЭКСПО көрмесі өткізілді. Биылдың өзінде Қазақстан дүние жүзілік Универсиаданы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін, Сириядағы жағдайды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді өткізді. Ал 2018 жылғы қаңтар айында еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесу өткізгеніне ерекше тоқталып, Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы азаматтар екенін атап өтті.

«Бұлардың ұстанатын өмірлік қағидасы – мемлекеттен талап ете бермей, оған өзінің идеяларын, шығармашылық энергиясын, қажырлы еңбегін арнау. Міне, біз қол жеткізген табыстың нағыз шынайы манифесі – осы! Тәуелсіздіктің ұрпағы да – осылар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мәселесіне тоқталды.

«Биыл ел болып Алашорданың 100 жылдығын атап өттік. Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтуі жөніндегі аса маңызды шешімді қабылдадық. Латын қарпіне көшудің терең тарихи логикасы бар. Бұл – ата-баба арманының орындалуы ғана емес, келер ұрпақты болашаққа бастайтын жол», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Тəуелсіздік мерекесіне орай, қазақстандықтар төрт күн демалады.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстаннан келген жеміс-жидектер зиянкес жәндіктерге толы болып шықты

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Шымкент әуежайы тұманды ауа-райына байланысты жабылды

Qazkom Халық банкіне қосылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар