Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы оқушы “Орал аруы-2018” атанды (фото)

Оралда жыл сайын өтетін сұлулық байқауы аяқталды. 16 жастағы Айдана Кәрімова Орал өңіріндегі ең сұлу бойжеткен атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Қазақстан аруы” байқауының ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

16 жастағы оқушы "Орал аруы-2018" атанды (фото)

Әлі мектепті де тәмамдап үлгермеген Айдана енді “Қазақстан аруы” байқауына қатысады. Ол Оралдағы №44 мектепте білім алады. Жеңіске жеткен бойжеткенге қала әкімдігі теледидар, демеушілер тон мен Чехияға жолдама сыйлады.

16 жастағы оқушы "Орал аруы-2018" атанды (фото)

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, биыл “Орал аруы-2018” байқауына үш бірдей мүмкіндігі шектеулі бойжеткен қатысқан. Олардың көшке ілесуіне мүгедектер қауымдастығының төрайымы Гүлмира Батпақұлова септігін тигізген.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау