Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздың терісі 1,5 ай сайын түсіп қалады (фото)

Әр алты апта сайын 16 жастағы Шалини Ядавтың денесінің терісі түсіп, өзгеріп отырады. Бойжеткен сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан. Ал сыныптастары оның түр-әлпетіне шошына қарайды. Дәл осы себепті жуырда қызды мектептен қуып жіберді.

main60

Бұл туралы Daily Mail жазды.

Шалини эритродермия (ісіп-қызару тері ауруы) ауруына шалдыққан. Оны басқаша қызыл адам синдромы деп те атайды. Бұл дерттің әлі күнге дейін шипасы табылмаған.

Терісі қыртыстанып қалмас үшін бойжеткен әр бір сағат сайын денесін сулап, әр үш сағат сайын ылғалдандыратын иісмай жағуы керек. Алайда Шалинидің отбасының оған қажетті иісмайды қайта-қайта сатып алатын мүмкіндігі жоқ. Сол себепті әр 45 күн сайын оның терісі түсіп отырады. Шалини туғаннан бастап осылай өмір сүреді. Ал оған үрки қарайтын сыныптастары Шалиниді «жылан қыз» деп атап кеткен.

1-21

Анасының айтуынша, олар Шалиниді бірнеше дәрігерге көрсеткен. Олардың бірде бірі аурудың бетін қайтара алмаған. Керісінше Шалинидің жағдайы күн санап нашарлап барады.

«Терісі түсіп, қызымның қиналғанын көргенде өзімді дәрменсіз сезінемін. Бұл дерт оны өлтірмесе де, ақырындап өмірін тартып алуда. Қайда барып, кімнен жәрдем сұрайтынымызды да білмейміз», – дейді анасы.

7-8

Шалинидің өзге бауырларының терілері мұндай емес. Ал анасы мұндай өмірден өлім артық деп есептейді.

10-111

Есесіне Шалинидің өзі:

«Менің сабақ оқығым келді, бірақ балалар менің түрімнен қорыққандықтан мені мектептен қуып шықты. Менің дертімнің кесірінен бүкіл отбасымыз қиналуда. Бірақ менің не кінәм бар? Осындай аурумен жазалайтындай, не істеп қойдым? Өмір сүргім келеді. Қолдарыңыздан келсе, көмектесіңіздерші», – дейді.

6979811292

3135

 

Талқылау