Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы қазақ қызы өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан

Балнұр есімді қазақ қызы өзінен 13 жас үлкен қазақ жігітімен бас қосқан. Бойжеткен кәмелет жасына толмай келін атанып үлгерді.

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасыда айтылды.

Балнұр не себепті өзінен бір мүшел үлкен жігітке тұрмысқа шыққанын айтты. Бүгінде енді 18 жасқа толған қыз бір әулеттің келіні мен ана атанып үлгерген.

“Бала күнімнен өзімнен үлкен адамның күйеуім болғанын қалайтынмын. Ағам өзімнен 10 жас үлкен болды. Қазір күйеуім мен ағамның ұқсастықтарын байқаймын. Бастапқыда аға мен қарындас деп араластық. Кейін бір бірімізді ұнатып үйлендік. Қазір бір ұлымыз бар. Мен жас болғандықтан келіндік өмір оңайға соққан жоқ. Бірақ бәріне үйрендім. Қайындарыммн қатынасым жақсы. Күйеуімнің айтқанын орындаймын. Өзімнен кіші жігітке тұрмысқа шыға алмас едім”, – дейді Балнұр.

Психолог Анна ханымның айтуынша, қыз бала әдетте бірге өскен ағасына ұқсайтын не әкесіне ұқсайтын жар іздейді. Жігіттің ағасына ұқсау себептері содан.

Балнұрдың жолдасы Болатбек бүгінде 30 жаста. Ол әйелімен сүйіп қосылғанын айтты. Ал, жігіттің өзінен едәуір жас үлкен әйел алуына қарсылық танытты. Бағдарлама қонағы, өзінен 14 жас үлкен кентаулық жігіттің әйелінен ешқандай жарастық көрметінін айтты.

Бағдарлама барысында психолог Анна ханым екі бойдақ қайнысының жас жеңгесіне тиісуі мүмкін екенін ескертіп, бөлек шығуға кеңес айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау