16 жастағы ауыр атлет Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақмолалық гір тасын көтеруші Әлібек Жанболат Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Павлодарда өткен гір тасын көтеру бойынша ҚР Чемпионатында 16 жасар ақмолалық жасөспірім жеңіске жетті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеп, ҚазАқпарат хабарлады.

Еліміздің әр өңірінен жиналған 200 спортшының арасында 73 келі салмақ бойынша сынға түскен 16 жасар Әлібек Жанболат үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды.

Целиноград ауданындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде тәрбиеленетін Әлібекті әкесі Асхат Әшімов жаттықтырады.

Сонымен қатар, күміс алқаны 95 келіден жоғары салмақта Николай Щербинин және 53 келі салмақта Андрей Дулин алды. Ал, Андрей Гудым (63 келі салмақта), Павел Захарчук (78 келі салмақта) және Роман Корж (53 келі салмақта) үшінші орынды иемденді.

Жас спортшыларды Бахтияр Жұмабеков, Сергей Прохоров, Салтант Халибек және Сергей Архипов жаттықтырады.

«Ауыр атлеттеріміздің жетістігіне көңілім толды. Спортшылар күнделікті жаттығып, біз міндеттеген тапсырмалардың бәрін орындап, өз шеберліктерін көрсетті», – деді жаттықтырушы Сергей Прохоров.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай спортшыларының бірдей екенін айтқан комментатордың басы бәлеге қалды

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

14 жастағы Айаруға ересек азаматтар сезім білдіре бастады

Нұржан Керменбаев екінші ұлдың әкесі атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар