Бір аурухананың 16 медбикесі бір уақытта жүкті болып қалды
Американың Аризон штатының астанасы Фениксте ерекше жағдай болды. 16 медбике бір уақытта жүкті болып қалды.
Оқиға Banner Desert Medical Center емханасында болды. Аналар бірге жоспарламағанын, мұның кездейсоқтық екенін айтуда. Аурухана қызметкерлері желіде ортақ чат ашқанда бір бірінің жүкті екенін естіген. Олардың бәрінің босану мерзімі қазан мен қаңтар аралығында.
Олар жұмыстағы ішетін судың әсерінен бәріміз жүкті болып қалдық деп әзілдейді. Аурухананың асханасында жүкті әйелдер үшін асмәзірі өзгертілген болатын. Болашақ аналардың ас мәзірін қияр мен зәйтүн қосылды. Күз айында медбикелер 12 апталық декреттік демалысқ шығады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау