Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1500 жылдық мумияның аяғындағы Adidas кроссовкасының құпиясы ашылды

Моңғолиядағы Алтай тауларынан табылған 1500 жылдық мумияланған әйелдің аяғынан табылған “Adidas кроссовкасының” құпиясын ғалымдар жария етті.

photo_191566

Бұл туралы ren.tv хабарлайды.

Моңғолиядағы Ховд қаласындағы музей директорының айтуынша, аталған “кроссовканың” қазіргі заманауи спорттық аяқ киіммен қатысы жоқ. Ол тек ұлттық түркілік аяқ киім болуы мүмкін екен.

“Бұл өте ашық әрі әдемі, ұлттық аяқ киім. Сәйкесінше ол әйел адамға арнап тігілген”, – дейді музей басшысы.

Оның сөзінше, табылған мумия Ұлан-Батырдағы мәдени орталыққа жіберілген. Ол жерде мумияны тамашалаймын деушілерге көрсетілмек.

Еске сала кетсек, біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға тән әйелдің мумиясы осы жылдың көктем айларында Алтай тауынан табылған болатын. Оның мүрдесі 2800 метр биіктікте орналасыпты. Мумияның аяғындағы жолақтары бар аяқ киімді желі қолданушылары лезде байқап, оның Adidas кроссовкаларына ұқсайтынын жарыса жазған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

36B3BCDA00000578-3714611-image-m-40_1469797194060

Австралиялық балықшы “теңіз құбыжығына” тап болды

Талқылау