Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

150 баланы асырап алып 91 жасында өмірден озған әжейдің тағдыры

Ұлы Отан соғысы кезінде жау қоршауында қалған Ленинград қаласынан тылға жіберілген 150 баланы асырап алған Тоқтаған Алтыбасарова дүниеден озды.

р

Ұлы Отан соғысының алдында, 16 жасында Курменты айылдық кеңесінің төрайымы болып сайланды. 1942 жылғы 27 тамызда қоршауда қалған Ленинградтан жеткізілген 150 баланы қабылдайды. Балалар колхоз жатақханасында тұрып, оның қамқорлығында он жыл бойы болады.

Соғыстан кейін 44 жыл бойы айылдық кеңес төрайымы болып қызмет атқарады. Өзі туған сегіз баланы тәрбиеледі. Өмір бойы өзі туған ауылда тұрды. Сонда 2015 жылдың 15 маусымында дүниеден өтті.

Бішкектегі Дайыр Асанов атындағы Жеңіс саябағында Ленинградтық қоршауда қалғандар құрметіне қойылған ескерткіштің үлгісі ретінде танылды.

Қырғыз елінің қабырғасын қайыстырған қазаға орай ел президенті Алмазбек Атамбаев та көңіл білдірді.

«Тоқтаған Алтыбасарова Ұлы Отан соғысы кезінде Ленинград қоршауынан тылға жіберілген 150 балаға аналық мейірімін төгіп, бауырына басты. 16 жастағы өрімдей қыздың барлығына бірдей қарап, олардың аналарына орнына ана болды», – делінген хабарламада.

Расында да, 16 жастағы өрімдей қыздың 150 жетімді бауырына басып, оларды бағып-қағуы кез келгеннің қолынан келмейтін ерлік. Тұла бойы мейірімге тұнған Тоқтаған Алтыбасарованың аялы алақанында ержеткен жасөспірімдер соғыс аяқталғаннан кейін өз жерлеріне қайтарылса да, қырғыз қызының қайырымдылығын еш ұмтытқан емес.

91-жасына қараған шағында дүниеден озған Тоқтаған Алтыбасарованың артында асырап алған 150 баласынан бөлек, өз кіндігінен тараған 8 баласы, 23 немересі және 13 шөбересі қалды.

muslim.kz

Жіберіп алмаңыз:

Гиннестің рекордынан бас тартып орамалын шешпеген 124 жастағы әже

Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты

Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді (фото)

Талқылау