Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жыл бұрын америкалықтар асырап алған қарағандылық қыздар отанына оралды

15 жыл бұрын америкалықтар асырап алған қарағандылық балалар, есейген соң өз ата-аналарының басына тәу ету үшін отанға оралды. Бес ағайынды ер бала мен қыздарды баласы жоқ америкалықтар асыраған. Ал басқа үш бала Қазақстанда арақ ішетін ата-анасымен бірге қалған.

1111

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Америкалық қыздарға айналып кеткен бұл бойжеткендерді бір кездері аш-жалаңаш өмір сүрді деп айту қиын.

“Ира екеуміз үй-үйді аралап, базарға барып өзіміз және ата-анамыз үшін ақша сұрайтынбыз. Әкеміз анам екеуі күнде ішіп, әр түн сайын төбелесіп, әкем анамды жиі ұратын”, – дейді Елена Камга.

“Мен қазіргі анама көп алғыс айтамын. Егер ол бізді құтқармағанда, анам секілді кедей өмір кешіп, сосын күйеуге шығып жүрер едім”, – дейді екінші қыз Настя Гарб.

орп

Кедей тұрмыс кешкен Кондрашиндер отбасында жалпы 8 бала болған. Джоэн Гарб тек олардың бесеуін ғана асырап алған. Барлық балалар ауру болған, оларды емдетуге тура келген.

“Мен күйеуге кеш шықтым да, бала босана алмадым. Сосын Қазақстаннан бала асырап алуды жөн деп таптым”, – дейді асырап алған анасы Джоэн Гарб.

Қыздар өздерінің биологиялық ата-аналарының түрін ұмытып та қалған. Олар балалардың көз алдында ашулы, қатаң кейіпте ғана қалыпты. Олар отанға осымен екінші рет келіп тұр. Сегіз жыл бұрын келген кезде туған аналары тірі болған. Олар анасын тауып алып, үлкен көлемде азық-түлік алып берген. Ал бірнеше сағаттан соң келгенде азық-түліктер тып-типыл жоқ болып шыққан. Ал Надежда Кондрашина мас күйінде ұйықтап жатқан.

Үлкен әпкелері бірнеше жыл бұрын қайтыс болыпты. Ал бір әпкелері Қарағандыда тұрады екен.

“Құдайдың бар екені рас. Оларға осындай ата-ана тап келгені қандай жақсы болған”, – дейді Қарағандыда қалған үлкен әпкесі Марина Кондрашина.

Қазір Настия Мелиссаға айналып, мектепте жүзу бойынша инструктор болып істейді және болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп ашқысы келеді. Бір қызы бар. Лена болса мүгедектерді күтетін дәрігер, үш баласы бар. Енді олар қайтыс болған әпкесі Светлананың баласы орналасқан балалар үйіне бармақ.

Талқылау